АҚШ-тың Таяу Шығыстағы ең күрделі дағдарысқа қатысты ұстанымы өзгерді
АҚШ-тың Таяу Шығыстағы ең күрделі дағдарысқа қатысты ұстанымы өзгерді
4 жыл бұрын 1702 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Ақ үй әкімшілігі Дональд Трамп кезінде қалыптасқан Палестина-Израил дағдарысына қатысты ұстанымын өзгертті. Осыған орай қазіргі АҚШ билігі Израилді басқаншы ел ретінде мойындап отыр, дәлірегі, 1967 жылы Израилдің Газа секторын, Иордан өзенінің батыс жағалауын және Шығыс Құдысты басып алғанын атап өтті. Бұл жайында islam.kz порталы АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Нед Прайс мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Бұл тарихи мәселе. Израилдің Иордан өзенінің батыс жағалауын, Газа секторын, Шығыс Құдысты 1967 жылғы соғыс кезінде басып алғанын теріске шығаруға болмайды. Біздің ұстанымыз – екі мемлекет (Палестина мен Израилді екі бөлек мемлекет ретінде қарастыру турасында айтылып тұр – ред.) ретінде тануда жатыр»,- деп мәлімдеді. Ақ үйдің бұл қадамы АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп кезіндегі бір жақты әрекеті мен позициясынан (Израил-Палестина шиеленісінде Израилдің сойылын соғуы немесе Иранның ядролық бағдарламасынан алтылық құрамындағы өзге елдермен санаспай шығып, санкция салуы, Париж келісімінен шығуы, т.б.) бас тарту арқылы АҚШ-тың халықаралық арендағы имиджі мен ықпалын қайта қалпына келтіруге саяды. 

0 пікір
Мұрағат