|
АҚШ-тың криптовалюта қоры 2049 жылға таман мемлекеттік қарыздарының бір бөлігін жабатын болады
|
VanEck инвестициялық басқару компаниясы биткоинның стратегиялық резерві Америка құрама штаттарының мемлекеттік қарызына қалай әсер ететінін көрсететін калькуляторды жұртшылық назарына ұсынды. Бұл құрал VanEck компаниясының зерттеуіне негізделген: онда компанияның талдаушылары аталған криптовалюта қорын пайдалана отырып, қарызды қаншалықты жақын арада өтеуге болатынын сипаттайды немесе анықтайды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде happycoin.club дерек көзіне жөн сілтеген cryptonews.net ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Айта кету керек, VanEck зерттеушілері стратегиялық биткоин-резерв туралы заң биыл қабылданады, деп болжап отыр. Бұл дегеніңіз, АҚШ қазынашылығы бес жылда 1 млн биткоин жинап, алдағы 20 жылда сақтайтын болады. Бұл уақытта оларды мемлекеттік қарызды өтеуге ғана жұмсауға болады. VanEck-те АҚШ 2049 жылға қарай 1 млн биткоин жинақтайды деп есептеген. Бұл активтердің жалпы құны 21 трлн долларды құрайды. Мұндай мөлшер қарыздың шамамен 18%-ын өтейді, ол сол мерзімде шамамен 116 млн долларға жетеді, яғни, жылына 5% -ға өседі. Салыстыру үшін айтсақ, қазіргі уақытта АҚШ-ьтың мемлекеттік қарызы 36 трлн долларға жеткен. Криптовалюта әлемдегі мемлекеттік қарызы ең көп елдің бұл ауыртпалығын едуір жеңілдете алады. АҚШ-тың мемлекеттік қарызын толық өтеуі үшін (криптовалютаның өсу қарыны болжамнан ауытқымайтын болса) тағы 5 млн-нан аса биткоин керек.