Әлемдік экономикалық дағдарыстың ауқымы ұлғаяды – геосаяси факторға байланысты
Әлемдік экономикалық дағдарыстың ауқымы ұлғаяды – геосаяси  факторға байланысты
2 жыл бұрын 1224 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясының бұрынғы қаржы министрі әрі білікті экономист Михаил Задорнов (суретте - ред.) «Жаңалықтар» ресейлік ақпарат агенттігіне берген сұхбатында басталып келе жатқан әлемдік дағдарыстың 2008 жылғы дағдарысқа қарағанда ауқымды болатынын тілге тиек етті. Бұған бүгінгі таңда қалыптасып отырған экономикадағы геосаяи ахуалдың әсері себеп болмақ. Бұл жайында Islam.kz порталы аталған ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Яғни, осы жолғы дағдарыстың түп-төркінінде геосаяси факторлар жатыр. Дәлірегі, АҚШ пен Қытай (әлемнің екі алып экономикасы) арасындағы қырғи қабақ соғыстан әлемдік экономикалық дағдарыс циклдік сипатқа ие болады. Яғни, бұл дағдарыс ондаған жылдарға созылады. Ал Николай Кульбака есімді ресейлік сарапшының, яғни, экономика ғылымдарының докторының айтуынша, «дағдарыс» деп асыра бағалауға негіз жоқ. Тек жекелеген елдердегі уақытша қиындық: инфляция, рецессия, т.б. орын алады.

0 пікір
Мұрағат