|
Әлемдегі ең дәл термометр температураны сәуленің көмегімен өлшейді
|
Австралияның Аделаид университетінің бір топ физигі әлемдегі ең дәл өлшейтін термометрді ойлап тапты. Бұл құрылғы температураны сәуленің көмегімен өлшейді. Температураны өлшегенде де оның негізінде мынадай факт жатыр: кез келген заттың атомдарының қозғалысы оның температурасына әсер етеді. Құрылғы қызыл және жасыл лазерлік сәулені полирленген кристалды диск арқылы бағытталады. Бұл арада сәуленің таралу жылдамдығы температураға қарай құбылып отырады. Аталмыш термометрмен ғалымдар қас қағым сәтте 30 млрд-тық градустағы температураның айырмасын дәл өлшеуге мүмкіндік алды. Ғалымдардың сөзіне қарағанда, алдағы уақытта осы тәсілмен қысымды да, ылғалдылық деңгейін де, т.б. өлшеуге болатын көрінеді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мысыр Nvidia технологияларын қолдана отырып, құны 1 миллиард доллар болатын дата-орталықтың AI орталығын салады
■
Бейнебақылау камерасының адам психикасына бейсаналы әсерінің салдары анықталды
■
Маймыл тапшылығы тұтас индустрияның дағдарысына бастайды
■
Макао мұсылман саяхатшыларын тарту үшін халал индустриясын дамытады
■
Кездейсоқ ашылған жаңалық: суықтау микробтарға байланысты болмай шықты