Әлемдегі экологиясы ең қауіпті 100 қаланың 99-ы Азияда
Әлемдегі экологиясы ең қауіпті 100 қаланың 99-ы Азияда
4 жыл бұрын 3626 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Бизнестік тәуекелдерді талдайтын Verisk Maplecroft орталығының сарапшылары экологиялық қатері жоғары әлемнің 100 қаласын атады, олардың біреуінен өзгесі түгелдей Азияда орын тепкен. Азияда орналасқан экологиялық ахуалы сын көтермейтін сол 99 қаланың 80 пайызы Үндістан мен Қытай аумағында болып шықты. Бұл жайында islam.kz порталы Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш орталық мамандарының бұл тараптағы баяндамасында келтірілген дерекке үңілсек, әлем бойынша экологиясы қауіпті 400-ден аса ірі қалада ұзын саны 1,5 млрд адам тұрады. Аууасы ластанған, ауыз су қоры таусылуға жақын, стихиялық (табиғи) апаттар жиі орын алатын 400-ден асатын қалалар реитингісінде Индонезия астанасы- Жакарта қаласы көш бастаған. Десе де бұл тізімнің басында тұрған 20 қаланың 13-і Үндістан аумағында орналасқанын айта кетпекпіз. Дели мегополисі ғаламдық индексте қамтылған 576 қаланың ішінде екінші орыннан көрінген. Одан кейінгі орында Шеннай (үшінші орынға жайғасқан Үндістан қаласы), Агра (алтыншы орын), Канпур (10-шы орын), Жайпур (22-ші орын); Лакһнау (24-ші орын) және тұрғындарының саны 12,5 млн-нан асатын Мумбай қаласы 27-ші орынға табан тіреген. Бір ғана ауаның ластануынан әлемде жыл сайын 7 млн-нан аса адам бақилық болады екен. Бір ғана Үндістанда бұл көрсеткіш 1 млн-нан асады. Аталған қалаларда ауаның ластануын бағалау кезінде как PM2,5 деген атпен белгілі, денсаулыққа зиянды микроскопиялық бөлшектердің әсері де ескерілді. Жоғарыда айтып өткеніміздей, әлемдегі экологиясы ең қауіпті 100 қаланың 99-ы Азияда болса, мұндай жалғыз қай елде орналасқан? Перуан астанасы – Лима қаласы. Жаһандық жылыну мен климат өзгерісіне келсек, ең алдымен Африка құрлығындағы, соның ішінде әлемге әйгілі Сахара шөлінен оңтүстікке қарай орналасқан қалалар алдымен зардап шегеді. Бұл аймақта климат өзгерісі алдында зардап шегетін 45 қала бар – олардың барлығы әлемнің ең бір ыстық нүктесінде орналасқандықтан зардап шеггеді деп ойлау бір ақты болар еді, ең алдымен құрғақшылық пен аптап ыстықтан, аңызақ жел мен сел-тасқыннан зардап шегуінеғ дәлірегі, жаһандық жылынуға төтеп беретіндей деңгейде дайындалмағандықтан зардап шегеді.

0 пікір
Мұрағат