|
Аймақ үшін маңызды жобадан пайда көретін араб елдері
|
Саудияның министрлер кабинеті Катармен арадағы теміржол қатынасына қатысты ауқымды жобаның құрылысын мақұлдады. Бұл арада аталған екі араб елінің арасын жалғайтын, жылдамдығы жоғары электрлі жүрдек пойызы турасында сөз болып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы Zawya Islamic Finance ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Өткен жылдың (2025) желтоқсан айында Парсы шығанағының екі елі Саудия-Катар үйлестіру кеңесі аясында аталмыш инфрақұрылымдық жобаға қатысты келісімге келген еді. Жалпы ұзындығы 785 шақырымды құрайтын болашақ теміржол желісі Ер-Рияд (Саудия астанасы) мен Доха қаласының (Катар орталығы) жалғайтын болады. Бұл желі, сондай-ақ, Катардағы Хамад халықаралық әуе жайын Саудиядағы Салман корол атындағы халықаралық әуе айлағымен байланыстырады. Сағатына 300 шақырымнан асатын жылдамдықпен қозғалатын пойыз екі елдің арасындағы жолға кететін уақытта екі сағатқа қысқартады. Аймақтық интеграцияға серпін беретін жоба құрылысы алты жылда аяқталып қалуы тиіс. Инфрақұрылымдық жобаның құны әзірге хабарланған жоқ. Парсы шығанағындағы интеграцияда маңызды рөл ойнауы тиіс бұл жоба екі елге қыруар табыс әкеледі: Саудия мен Катар қазынасына 30,7 млрд доллар немесе 115 млрд риал (саудиялықтардың төл ақшасы) пайда түсіреді. Бұған қоса, 30 мыңнан аса жаңа жұмыс орнының ашылуына ықпал етпек, жылына 10 млн-нан аса жолаушыға қызмет көрсететін болады.