|
Африкалық ел экономикасын қорғаудың радикалды әдісін қолдана бастайды
|
Африка құрлығындағы ел өз экономикасының негізгі салаларына шетелдіктерді жолатпауға бел буды. Дәлірегі, «Бизнесті лицензиялау» туралы бұйрыққа (Бөгде азаматтарға кәсіпкерлік қызметке тыйым салу) сәйкес шетелдік азаматтарға бизнестің 15 түрін ашуға тыйым салды.Бұл жайында islam.kz порталы Africanews ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жаңа малұмдамаға (директиваға) сәйкес шетелдіктер ел экономикасын көтеру мүмкіндігі мол әрі халықтың негізгі табыс көзі саналатын бизнестің 15 секторынды жұмыс істеуге тыйым салынды. Бұл арада салондар, бөлшек сауда желілері, дәмханалар, т.б. секілді шағын бизнес субьектілері турасында сөз болып отыр. Аталмыш тыйымнан аттаған шетелдіктерге 10 млн шиллингке (танзаниялықтардың ұлттық валютасы – ред.) дейін, яғни, 3900 доллар шамасында айыппұл салынады және алты айға абақтыға жабылады. Ал шетелдіктердің аталған салаларға енуіне көмектескен танзания азаматына 5 млн шиллинг айыппұл салынып, үш айға қамалады. Ел билігі мұндай қадам жұмыс орындарын ашуға әрі жергілікті жұртты жұмыспен қамтуға бағытталғанын алға тартып отыр. Дегенмен, жалғыз Танзания емес, Африка қүрлығында бұл ел осымен сегізінші мемлекет осындай тыйым салып отырған. Буркино-Фасо, Нигерия, Оңтүстік Африка, Зимбабве (ауыл шаруашылығы, тау-кен өнеркісібі, т.б. салаларында, Гана автокөлік жуу, зергерлік бұйымдар саудасы, химиялық тазалау, жерлеу бюросы, интернет-кафе, шаштараз, т.б. салаларында, Свазиленд, Замбия жиһаз өндірісі, кірпіш, наубайхана, қолөнер, т.б. салаларда, Боствана туризм саласында шетелдіктерге жұмыс істеуге тыйым салған. Десе де Танзания билігінің бұл әрекетіне Шығыс Африка қауымдастығы наразылық білдіруде. Олардың айтуынша, Танзания билігінің бұл шарасы аймақтың экономикасына, интеграциясына кері әсерін тигізеді. Көрші елдер де Танзаниядан үлгі алып, осындай шектеу шараларын қабылдауы мүмкін екенін ескертіп отыр. Танзания аумағында 40 мыңға тарта кениялық мигрант жұмыс істеп жүр. Бұдан бөлек, Руанда, Бурунди, Сомали, Оңтүстік Судан, Конго демократиялық республикасының азаматтары осы елде нәпақасын айырып жүр. Осы тұста Танзания билігінің маймыр айында ішкі транзакциялар мен ақша аударымдарында тек шиллингті пайдалануды міндеттейтін ереже қабылдағанын айта кетпекпіз.