Адам саудасымен айналысқандарға, мигранттарды шекарадан заңсыз өткізгендерге өлім жазасы енгізіледі
|
Эфиопияның бас прокуратурасы адам саудасымен айналысқандарға әрі мигранттарды шекарадан заңсыз өткізгендерге өлім жазасын қолдануды қарастыратын заң жобасын әзірледі. Бұл жайында Ezega ақпарат көзі хабар таратты. Адам ағзасын алу, құлдыққа сату, тән саудасы үшін азаттығынан айырылатындар қарасы оңтүстік-шығыс Азия елдері мен Үндістанда, сондай-ақ, Африка құрлығында көп. Шетелден нәпақа табу үшін контрабндалық қызметті пайдаланатын эфиопиялықтардың көбісі адам саудасының құрбаны болуда. Аталмыш елдің қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім директоры Зенабу Тулюның мәлімдеуінше, аталмыш заң жобасы адам саудасымен айналысатын қылмыстық топпен күресті күшейтуге бағытталған. Аталған ел билігінің келтірген дерегіне қарағанда, жыл сайын Йеменге 100 мыңнан аса мигрант заңсыз жеткізіледі. Олардың дені эфиопиялық, сомалилік және эритериялық азаматтар. Эфиопия бір жағынан Солтүстік, Оңтүстік және Шығыс Африка бойынша Африкадағы мигранттар заңсыз тасымалданатын дәліз ел болып табылады.