24kz дерек көзінен...
|
АҚШ шеберлері көмірқышқыл газынан гауһар тастар мен көзілдіріктер жасады
АҚШ шеберлері көмірқышқыл газынан гауһарлар, күн сәулесінен қорғайтын көзілдірік және тіпті бетон жасай бастады. Бір ғана көмірқышқыл газынан қымбат тастар өндіретін компаниялардың биылғы табысы 800 миллион доллардан асқан. Бұл 2020 жылғы пайдамен салыстырғанда 3 есе көп. Кәсіпкерлер әдетте қоршаған орта үшін зиянды деп саналатын көмірқышқыл газын жаңаша игерудің ғаламдық жылынумен күресте маңызы зор деп есептейді.
Финляндия теңіз суын тұщытудың амалын тапты
Финляндия күн қуатын пайдаланып, теңіз суын тұщытудың амалын тапты. Good News Network хабарлауынша, бірнеше жылдық зерттеулерден кейін фин компаниясы Solar Water Solutions күннен қуат алатын «жасыл» жүйені сынауды қолға алды.
Англия ғалымдары ғылыми жаңалық ашты
Англияда қатерлі ісік ауруының белгілерін алдын ала анықтайтын революциялық тест сынақтан өтіп жатыр. Бұл арқылы қандағы рак клеткаларының ДНК-сын зерделеп, ауруды ерте анықтауға болады. Сынаққа жасы 50-ден асқан еріктілер қатысып жатыр. Бүгінгі таңда қатерлі ісік адам жасушасы биохимиялық зерттеуге жіберілгеннен кейін анықталады. Бірақ, ол үшін аурудың симптомдары болуы керек. Біріншіден, бұл кей жағдайда өте қиын процедура, екіншіден безді нақты қай жерден іздеу керек екені белгісіз.
Ник Йорк лейкемияның созылмалы түрімен ауырады. Обырдың ерте диагностикасы өмірімді 180 градусқа өзгертер еді, дейді ол. Ник Йорк, науқас:
– Менің диагнозым 7 жыл бұрын белгілі болды. Ауруымның симптомдары өзгеріске шырағанына қарай кезең-кезеңімен ем қабылдап жатырмын. Егер бұл ғылыми жаңалық бұған дейін жарияланғанда мен мұндай жағдайға түспес едім. Америкалық биотехнологиялық стартап жобасы Англия ұлттық денсаулық сақтау қызметінің қолдауымен жүзеге асырылып жатыр. Тест онкологиялық аурулардың 50-ден астам түрінің белгілілерін алдын ала анықтауы мүмкін, дейді мамандар.
Саймон Стивенс, Англия ұлттық денсаулық сақтау қызметінің басшысы:
– Қатерлі ісік белгілерін ерте анықтау арқылы ауруды асқындырмауға болады. Бүгінде аналық без обыры, ұйқы безінің қатерлі ісігі сияқты кеселдерді алдын-ала білуге мүмкіндік жоқ. Біз бұл олқылықтың орнын толтырған әлемдегі тұңғыш медициналық қызметтердің бірі болғымыз келеді. Қатерлі ісік белгілері бірінші кезеңде анықталған адамның сауығу мүмкіндігі төртінші кезеңдегі науқасқа қарағанда 5-10 есеге дейін артады.
Мамандар мұны революциялық ғылыми жаңалық десе, сарапшылар асығыс шешім қабылдамай, ұзақ зерттеулерден кейін ғана тиімділігі туралы айтқан жөн, дейді. Өйткені, жалған дабыл қағылған жағдайда пайдасынан зияны көп болуы мүмкін. Бүгінде зерттеу жұмыстарына 140 мың адам қатысып жатыр. Алғашқы қорынтындылары 2023-жылға қарай жарияланбақ. Егер нәтиже көңіл көншітерлік болса, 2025-жылы еріктілердің санын 1 млн-ға дейін арттырып, сынақты одан әрі жалғастыру жоспарланып отыр.
Авторлары: Ғалымжан Қараманұлы
Қытайдағы жас буын мен әжелер арасындағы текетірес туралы
Әлемде түберкулезден қайтыс болғандар саны артты
Кейінгі 10 жылда жағдай қалыпқа түсіп, түзеліп келе жатқан еді, деп хабарлайды «Хабар 24». Бірақ пандемия дегенін істеді. Өйткені, бар күш коронавируспен күреске жұмылдырылды. Сөйтіп бұл аурумен ауыратын адамдардың медициналық көмек алуы қиындаған. Шектеулер салдарынан уақтылы диагноз қойылмады. Сонымен былтыр әлемде туберкулезден шамамен 1,5 миллион адам көз жұмған екен. Ал мамандар бұл ауру бойынша кісі өлімі келер жылы да артуы мүмкін дейді.