220 млн адамға күшәнмен улану қаупі төніп тұр
220 млн адамға күшәнмен улану қаупі төніп тұр
5 жыл бұрын 3476 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар топырақтың күшәнмен ластану деңгейіне алаңдаушылық білдіріп, әлемде алғаш рет аталған умен ластанған жерасты суының картасын сызды. Бұл мақсатта әлемнің әр түкпірінде тіркелген 60 мыңға тарта күшәннің шоғырланған аумақтарға қатысты деректерді сараптап, жерасты суының қозғалысын компьютерлік моделдеу арқылы адамның денсаулығына қауіпті аймақтарды анықтай алды. Аталмыш жоба авторлары, яғни, Австралияның Оңтүстік Квинсленд университетінің жанындағы ЮНЕСКО маманы Майкл Берг пен Швейцарияның гидрология және технология федералды институтының экологы Джоэл Подгорски зерттеу жұмыстарында тек жерасты суының қозғалысын зерделеп қоймай, сонымен қатар, оның экологиялық, табиғи әрі географиялық аспектілеріне назар аударған болатын. Жан-жақты зерттеу өз кезегінде күшәнмен жерасты суының ластану мәселесінің ушығып кеткенін анықтап берді. Science мерзімді басылымында жарияланған бұл бағыттағы зерттеу нәтижесінде айтылғандай, жердің барлық түкпірінде күшәнмен ластанған судан 94-тен 220 млн адамға дейін улану қатері төніп тұр. Мұндай қатер төнген елдер қатарында, яғни, күшәнмен улану қатері төнгендердің 90%-ын Бангладеш, Пәкістан және Үндістан тұрғындары құрайды. Сондай-ақ, Қытайдың солтүстігі мен Моңғолия да аталған қатерден айналып өте алмайды. Бұл жайында popmech.ru ақпарат көзі хабарлады. 

0 пікір
Мұрағат