2030 жылы мұсылмандар саны әлем халқының төрттен бірінен асады
|
Вашингтондағы «Пью» зерттеу орталығының болжамына сәйкес 2030 жылы мұсылмандар саны әлем халқының 26,4 пайызын құрайтын болады. Бүгінгі таңда мұсылман жамағаты адамзаттың 23,4 пайызын құрап отыр. Соңғы жылдары батыс елдерінде мұсылмандардың қарасы артып келеді. Бұған қоса, наным-сенімі өзге адамдарға қарағанда мұсылмандардың саны екі есе жылдамдықпен артып келе жатқанын айта кету керек. Алдағы жиырма жылдың ішінде мұсылмандардың өсімі жыл сайын 1,5 пайызға жетеді. Өзге діндегілердің өсімі ары кеткенде 0,7 пайыздан аспайтын болады. Енді бір жиырма жылдан кейін әлемдегі мұсылмандардың саны 2,2 млрд адамға жетеді. Мұсылмандар саны негізінен ислам елдеріндегі туу көрсеткішінің артуынан көбейетін болса, батыс елдерінде наным-сенімі өзге тұрғындардың тура жолға түсуінен артады.