2030 жылға қарай 693 млн адам диабетке шалдығуы мүмкін
|
2030 жылға қарай қант диабетіне шалдыққан науқастардың саны 693 млн-ға жетуі мүмкін. Бұл туралы 24.kz арнасы мәлім етті.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері осылай деп болжам жасады. Олардың сөзінше, диабет өлімге әкеп соқтыратын аурулардың ішінде әлем бойынша сегізінші орында. 2021 жылы 422 млн адам диабетке душар болған. Бұл жер шары халқының 6%-іне тең. Көп елде дертті емдеу тәжірибесі бірдей. Салауатты өмір салтын ұстану, қандағы глюкозаны бақылау, дәрі-дәрмек немесе инсулин терапиясы қолданылады. Ал дамыған елдер жасанды интеллектінің көмегіне сүйеніп, инновациялық технологияларды қолдану әдісі арқылы науқастардың өмір сүру сапасын жақсартуға талпынып жатыр. Бірақ дертке шалдығушылық әлі де өзектілігін жоймай тұр, – дейді сарапшылар.