100 мың босқынды елсіз аралға көшірмек (фото)
100 мың босқынды елсіз аралға көшірмек (фото)
7 жыл бұрын 6789 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Бангладеш билігі Бирмадағы өз атамекенінен будда радикалдарының зорлық-зомбылығынан бас сауғалап келген рохинялық 100 мың мұсылман босқында Бенгал шығанағындағы Тенгар Чар деп аталатын иен жатқан елсіз аралға көшіруді жоспарлап отыр. Бұл жайында америкалық CNN телеарнасы хабар таратты. Аталған ел рохинялық босқындарды аралға көшіруге 278 млн долларға шығындануына тура келіп отыр. Рохинялық босқындарды 2019 жылдың соңына дейін толық көшірмек. Десе де халықаралық құқық қорғаушылар Бангладеш билігін рохинялық босқындардың кеудесінен итергендей бұл әрекетін сынға алып, айыптап отыр. Ал Бангладеш билігі өз кезегінде құқық қорғаушылардың бұл сынына елсіз аралды адам қоныстанатын мекенге айналдыруға болатынын айтып, ақтала жауап берді. Айта кетейік, бұл арал су тасығанда судың астында қалу қаупі бар. Естеріңізге сала кетсек, биыл Бангладеш аумағына 620 мыңнан аса рохинялық босқын ауып келген болатын.

0 пікір
Мұрағат