Ауыл кеші: Силуэттер
Ауыл өмірінің ең бір ерекше сәті – кеш. Күнімен жұмыстан босамай, бірі тауда, бірі бауда, бірі қора маңында жүрген жұрттың үйді-үйіне қайтып, қарбаласқа түсетін шағы бұл. Ойнауға уақыт таппаған балалардың да асыға күтетіні осы кеш болар. Қора тазаланып, қи шығарылған, отын жарылып, көң реттелген,...