Шетелдік брендтердің көбі кетіп, орнына отандық брендтер шығады
Шетелдік брендтердің көбі кетіп, орнына отандық брендтер шығады
7 жыл бұрын 3404 naryk.kz

Қазақстандық сән-ретейл трансформациялаудың алдында тұр. Қазақстанның Ритейлерлер қауымдастығы президенті Василий Горевой елдегі сауда компанияларының дағдарысы туралы LS басылымына сұхбат берді.

Оның айтуынша, тауарлардың орташа бағасы 5-10 мың теңге аралығындағы бұқаралық нарық жақсы көрсеткіштер көрсетуде. Ал орташа бағадағы нарықта құлдырау бар.

“Егер нарықты теңгемен есептер болсақ, 2016 жылы 2015 жылмен салыстырғанда нарық бірнеше пайызға көбейді. Ал 2017 жылы кей бағыттарда сауда 20 пайызға дейін ұлғайды. Ал тауар санына келер болсақ, 2014 жылғы девальвация алдындағы көрсеткішке енді ғана жетіп жатырмыз. Жыл соңына дейін сол кездегі деңгейге көтерілеміз деп ойлаймын”, – деді Горевой.

Горевойдың айтуныша, Қазақстандағы өркениетті нарық ақшалай есептегенде дағдарыс алдындағы көрсеткіштен әлі көтерілген жоқ. Шамамен 100 млрд теңге.

“Биыл фундаменталды қайта құру болады. Бұл жолы өте ауыр және пайдасы да болады. Алдағы уақытта атақты Қазақстан брендтері пайда болып, нарыққа кіруі тиіс. Бұл тек сән әлемі үшін ғана емес, тамақтану саласына да қатысты. 2016 жылы Қазақстандағы брендтердің 15 пайызы кетіп қалған еді. 2017 жылы тағы 30-35 пайызы біздің нарықтан шығып қалуы ықтимал. Соның ішінде қазақтардың жақсы көретін атақты брендтері де бар”, – деді Горевой.

Оның айтуынша, бастапқыда олар алдымен сауда-сауық орталықтарынан (ССО) шығады. Соның кейбірі өздерінің ішкі проблемалары кесірінен жұмыстарын тоқтатса, қалғандары елдің сатып алу көрсеткішінің төмендеуінен тоқтайды.

“Астанада бұл қатты байқалмайды. Бірақ Алматыда сауда маркаларының кетіп жатқаны ерекше байқалуда. Еуропалық атақты брендтердің орнына no name (белгісіз) брендтер шығып жатыр. Бір сөзбен айтқанда, олар базар мен барахолкадағы тауарлар. Нәтижесінде қазір сауда-сауық орталықтары тек тамақ ішетін орын мен сауық орындары қызметін ғана атқаруда”, – дейді Горевой.

Сонымен қатар, қазіргі таңда халықтың сауда жасауда қалалық саудаға қарай ойысу үрдісі байқалады. Яғни, жұрт ССО-дан гөрі базарға баруды жөн деп таба бастады. Қазіргі таңда бұл ауысу трафигінің көрсеткіші 10-15 пайызды құрайды.

Дей тұрғанмен, кей брендтер кетіп жатса да, енді бірқатары керісінше кіріп жатыр. Айта кетейік, өткен жылы Алматыда Armani Exchange бренді дүкені ашылса, биыл H&M бренді өз дүкенін ашты.

0 пікір
Мұрағат