Жаһан: Қытайда бір жылда сыбайлас жемқорлық қылмыс бойынша 49 мың шенеунік сотталды
Жаһан: Қытайда бір жылда сыбайлас жемқорлық қылмыс бойынша 49 мың шенеунік сотталды
8 жыл бұрын 3945 ҚазАқпарат

Қытай соты 2015 жылы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау  туралы іс бойынша 34 мың адамға үкім шығарды, айыпталғандар саны - 49 мың. Оның ішінде 134-і провинциалдық үкімет басшылығында және жоғары деңгейдегі лауазымдарда жұмыс істеген.

Бұл туралы жексенбі күні Жоғарғы халық сотының басшысы Чжоу Цян айтты, деп хабарлады ТАСС.

Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының жыл сайынғы сессиясында заң шығарушылар алдында сөз сөйлеген Чжоу Цян 2015 жылы сот отырысы 1,1 млн қылмыстық іске үкім шығарғанын, бұл 2014 жылға қарағанда, 7,5 пайызға жоғары екенін айтты. Сотталғандар саны 2015 жылы 4 пайызға, 1,23 млн адамға дейін артқан.

2015 жылы Қытайда 262 ауыр қылмыс (кісі өлтіру, қарулы тонау, өртеу) жасалды. 139 мың қылмыс  есірткі айналымына байланысты. 5,5 мың қылмыс заңсыз әйел, бала саудасы, жыныстық зорлық. Киберқылмыс үшін 6,2 мың адам сотталған.

Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 70 жылдығы құрметіне 2015 жылы 31,5 мың адамға рақымшылық жасалып,  бостандыққа шыққан.

0 пікір
Мұрағат