Cеміздіктің биологиялық және генетикалық факторлардан басқа өзге себебі анықталды
Cеміздіктің биологиялық және генетикалық факторлардан басқа өзге себебі анықталды
2 жыл бұрын 1228 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

1980-ші жылдардан бастап семіздік тура мағынасында індетке айналды – күллі әлем бойынша артық салмақтан зардап шегетіндер қарасы күрт өсіп кетті. Бұл жайында islam.kz порталы ScienceAlert ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әлбетте, семіздікке бастайтын себептер жетіп артылады: саламатты өмір салтын ұстанбауы, яғни, аз қимылдап, құнарлы тағамдарды жиі тұтыну, я болмаса тұқым қуалайтын генетикалық, сондай-ақ, биологиялық факторлар аталмыш деррттің әлеуметтік сипат алуына түрткі болып отыр. Десе де ғалымдар адамның қоршаған орта өзгерісіне реакция танытуынан да толып кетуі мүмкін екенін ескертеді. Дәлірегі, қалалық жердің ерекшелігінен, яғни, жайлы өмірінен қоректік құндылығы төмен болып келетін құнарлы тағам өнімдеріне қол жеткізу оңай, алайда, жиналған энергияны шығындау қажет болмайды. Кез келген қалада жүздеген фастфудпен тамақтанатын орындар, маркеттер, дәмханалар кездеседі. Ал жаңа піскен жеміс-жидек пен көкөніс, табиғи азық-түлік қалалы жерде қат болып келеді. Бұған қоса, аз қимылдауға мүмкіндік беретін қоғамдық көліктер де семіздіктің кеңінен таралуына жол береді. Бұл тарапта халқының 32-34%-ы артық салмақтан зардап шегетін Жаңа Зеландияда арнайы тәжірибе жүргізілген екен. Ғалымдар «Сау елді-мекендердің индексін» әзірледі. Аталған индекс ондаған факторды қамтиды. Олардың жартысы аноксиктік ортаны сипаттайды: фаст-фуд мейрамханаларының жақындығы мен саны, адам өзімен бірге алып кететін тағамдар, азық-түлік және ликер сататын дүкендер, т.б. Ал қалған бес фактор саламатты өмір салтына қатысты: саябақтар мен жағажайлардың, спорт нысандарының, жеміс-жидек пен көкөніс дүкендерінің жақындығы және саны. Белгілі болғандай, артық салмақтан зардап шегетіндер қарасы көп ауддандарда анокисктікнасындар ортасы әлдеқайда жақын болып шыққан.

0 пікір
Мұрағат