Қарлы боранда жолда қалып қойсаңыз...
Қарлы боранда жолда қалып қойсаңыз...
7 жыл бұрын 5274 inform.kz

Дегенмен біз үшін халықтың қыс маусымындағы қауіп-қатерді шынайы түсінуі маңызды. Қыс, әдеттегідей, мерекелерге бай, ал бұл уақытын төрт қабырғада өткізгісі келмейтін, ауыл және қала тұрғындарының мобилділігіне әсер етеді. Сондықтан, жақын және алыс жолға шығатындарға қауіпсіздік шараларын қабылдау артықтық етпейді. Ең әуелі - синоптиктердің болжамдарын, ауа райының жағдайын ескеріп, бұқаралық ақпарат құралдарындағы Төтенше жағдай қызметтерінің хабарламаларын назарға алу керек. Кейде іссапарларды кейінге қалдырудың да жөні бар. Сонда да алыс сапарға шығатын болсаңыз, әуелі автокөлігіңізді дайындап, көліктің барлық жүйелерінің техникалық жарамдылығын тексеру қажет. Екіншіден, қай жаққа, немен және қашан шығып жететіңіз туралы жақындарыңыз бен үйдегілерге ескертіңіз. Мүмкіндігінше сіз баратын жақтың адамдарына да хабарлаңыз. Ал белгіленген пунктке жеткеннен кейін үйдегілерге хабар беріңіз. Оқыс оқиғалар жағдайда олар сізді іздеу және құтқару шараларын қабылдайтыны сөзсіз. Егер сізде болжалды маршрутта сенімді жұмыс істей алатын, байланыс құралы болса, оны өзіңізбен бірге алыңыз. Үшіншіден, жылы киініп, ыстық шай немесе кофе құйылған термосты, бірнеше балауыш майшам (ойластырып жасалған ауаны жаңарту жүйесі кезінде бұл жылыту құралы бірнеше сағат өшіп қалған көлік салонын жылытуға қабілетті) алыңыз. Медициналық қобдиша сияқты маңызды затты алуды да қаперден шығармаңыз. Әрине, қауіпсіздіктің басты талаптары арқансыз, күрексіз, дәнекерлейтін шам (паяльная лампа) мен қажетті жанармайсыз жолға шығуға болмады. Ал егер де қар құрсауында қалып жатсаңыз, үрейге бой алдырмаңыз. Ондаған жылдар бұрын көптеген зардап шеккен адамдар өздерінің өмірлерін құтқара алған әрекеттердің нақты алгоритмі әзірленді. Егер сіз қарлы боранды көлікте өткерсеңіз, оның капотын жел жаққа қаратып қойыңыз, барынша жылы оранып, әлсін-әлсін (жанармайды үнемдеу үшін) салондағы ауаны жылытыңыз. Сізді тез байқау үшін, түрлі түсті мата байланған (ұзын таяқша, антенна) сырықты сыртқа шығарыңыз. Қар басып қалған көлікте қаншалықты тоңсаңыз да қозғалтқышты қоспаңыз. Мотордың жұмыс істеуі кезінде шығатын және бірте-бірте салонда жиналатын, пайдаланған газ сізді сұрапыл аяздан да тез өлтіреді. Ал қолайсыз күн райында жақын маңдағы елді мекенге барамын деу де өзін-өзі өлтірумен тең. Қараңғында бағыттан жаңылу, межелеген жерге жете алмай адасып кету немесе мерт болуға оңай. Тіпті, егер сізге қауырт іс бойынша көліктен ұзау керек болса, оған өзіңізді ұзын шарф немесе баумен байлаңыз. Қатты аяз кезінде, ең бастысы, салонда немесе автокөліктің кабинасын жылы ұстау керек және болған жағдайды байланыс құралдары немесе жолда кетіп бара жатқандар арқылы ТЖ және жол полицияларына хабарлау керек. Тәулік бойы жұмыс істейтін 112 телефоны әрқашан байланыста болады, сондықтан, сіздің қоңырауыңыз назардан тыс қалмайды, төтенше жағдайда көмек көрсетілетін болады. Жақын жердегі елді мекенге бару қауіпті және амалсыз жағдайда ғана мүмкін.

0 пікір
Мұрағат