Әлемдегі көркіне көз тоймайтын ең сұлу сарқырамалар (фото)
Әлемдегі көркіне көз тоймайтын ең сұлу сарқырамалар (фото)
7 жыл бұрын 8247 stan.kz

Әлемнің әр түкпірінде сұлулығына тәнті ететін табиғат таңғажайыптары жетерлік. Бүгін назарларыңызға жер бетіндегі тамаша сарқырмалар тізбегін ұсынбақшымыз.

анхель

Америкадағы Нью-Йорк штатын Канаданың Онтарио провинциясынан бөліп жатқан Ниагара сарқырамасы үш ағыннан тұрады: “Таға”, “Қалыңдық орамалы” және Америкалық сарқырама сарқырамасы. Ниагара – Солтүстік Америкадағы ең танымал су каналы. Оның максималды биіктігі 57 метр, ал ені мыңдаған метрлерге созылып жатыр.

1490549103

Ал бұл Жапониядағы ең биік сарқырама. Нати-но сарқырамасының биіктігі 133 метр.

1490548107

Дэтянь – Азиядағы ең кең сарқырама. Ол Қытай мен Вьетнам шекарасында ағып жатыр. Биіктігі 60 метрге жетсе, ені 200 метр шамасында.

1490547767

Малтнома-Фолс сарқырамасы Америкадағы Орегон штатында орналасқан. Биіктігі 189 метрге жететін сарқыраманың қақ ортасында 1914 жылы салынған Бенсон көпірі бар. Ол жерден табиғаттың сұлулығын жақыннан көруге болады.

1490547275

Сельяландсфосс – Исландиядағы ең белгілі сарқырама. Аса биік болмағанына (60 метр) қарамастан бұл сарқыраманың көрінісі ерекше. Оған қай қырынан қарасаңыз да көз тоймайды.

1490546234

Иугасу сарқырамасы – Бразилия мен Аргентина шекарасында орналасқан. Еніі 2700, ал биіктігі 82 метр. Сарқырама әлемдегі жеті кереметтің де қатарына енген.

игуасу

Тахколоч өзенінен бастау алатын сарқырама Камчаткадағы Вачкажец жанартауының етегінде. Оның биіктігі шамамен төрт метрдей.

99999999

Рейн сарқырамасы – Швейцариядағы мақтан тұтар орындардың бірегейі әрі Европадағы суы мол сарқырама. Ені 150, биіктігі 23 метр.

1490546926

Анхель – әлемдегі ең биік сарқырама. Ол Венесуэланың тропикалық орманында орын тепкен. Биіктігі 979 метге жетеді. Ал ені 107 метр.

анхель

0 пікір
Мұрағат