Түркияда ASELFLİR-500 барлау және бағыттау жүйесі сәтті сынақтан өтті (видео)
Түркияда ASELFLİR-500 барлау және бағыттау жүйесі сәтті сынақтан өтті (видео)
3 ай бұрын 703 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Түркия мамандары ASELFLİR-500 электрлі-оптикалық барлау, бақылау және бағыттау жүйесін Bayraktar AKINCI шабуылдау ұшқышсыз ұшу аппаратында сынақтан сәтті өткізді. Бұл жайында islam.kz порталы түрік қорғаныс компаниясы Baykar хабарламасына жөн сілтеген Anadolu Ajansı ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Bayraktar AKINCI TİHA шабуылдаушы ұшқышсыз ұшу аппараты интеграцияланған ASELFLIR-500 жүйесімен алғашқы сынағы кезінде теңізде қозғалатын нысанаға соққы берді. Атап айтқанда, сынақ кезінде Bayraktar AKINCI ASELFLIR-500 көмегімен теңізде Albatros қайығын жойған. ASELFLIR-500 жүйесі түріктердің ASELSAN компаниясының өнімі. Сынақ Текирдаг провинциясындағы Шорлы аймағындағы AKINCI ұшу оқу және сынақ орталығының аумағында жүргізілді. Baykar басқарма төрағасы және аталмыш компанияның техникалық директоры Селжүк Байрақтар осы жетістікке байланысты «түрік авиациясының алтын ғасыры туды» деп атады.

 

0 пікір
Мұрағат