Ауаның ластануынан өлгендер саны короновирустан көз жұмғандардан екі есе көп
Ауаның ластануынан өлгендер саны короновирустан көз жұмғандардан екі есе көп
3 жыл бұрын 2709 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Күллі әлемді жайлаған жұқпалы індет адамзаттың қолынан жасалған зұлматтың салдары мен қателіктерін жалаңаштап, қаншалықты былыққа батқанын көрсетіп берді. Тіпті, күллі адамзатқа ортақ проблемаларды еңсеру үшін, мәселен, жаһандық жылынудан орын алған климат өзгерісіне қарсы бірігіп әрекет ете алмай отырғанын да көрсетіп берді. Таяуда Guardian ақпарат көзінің шолушысы Ребекка Сольнит өткен жылы ауаның ластануынан өлгендер туралы дерек келтірген екен – 8,7 млн адам. Бұл көрсеткіш өршіп тұрған жұқпалы індеттен опат болғандар қарасынан екі есе көп. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жоғарыда аты аталған сарапшының мәліметіне қарағанда, өткен жылы ауаның ластануынан әлем бойынша ажал құшқандардың 62 %-ы тек Қытай мен Үндістаннан болып шықты. Аталған екі алып ел де жаһандық жылыну мен климат өзгерісіне қарсы ұлттық деңгейде жобаларды қолға алып, қыруар қаржы бөлгеніне қарамастан ауаның ластануынан өлгендер саны бойынша әлемде кқш бастап тұр.

0 пікір
Мұрағат