АҚШ Қытай мен Ресейдің барлау қызметінің «адамын аштырмауға» кірісті
АҚШ Қытай мен Ресейдің барлау қызметінің «адамын аштырмауға» кірісті
3 жыл бұрын 3240 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

АҚШ өзінің технологиясымен Ресейдің, Қытайдың, Кубаның, Иранның және  Венесуэланың әскерилерін жабдықтауға тыйым салды. Бұл жайында islam.kz порталы АҚШ-тың сауда-саттық министрлігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған министрліктің өнеркәсіп және қауіпсіздік бюросы (BIS) Қытайда, Ресейде, Кубада, Иранда және Венесуэлада, сондай-ақ, террористерге дем беретін өзге де елдерде әскери барлау үшін пайдаланылатын кез келген америкалық технологияға бақылау орнатуға арналған ереже енгізіп отыр. Осылайша АҚШ билігі тұрақсыздық тудыру үшін америкалық технологияны пайдаланатын аталған елдердің әскери барлау қызметінің мүмкіндіктерін кемітуді көздеп отыр. Бұдан бөлек, BIS жоғарыда аталған елдермен қатар Сирияның да, Солтүстік Кореяның да барлау қызметінде пайдаланылуы мүмкін технологиялардың экспорты мен реэкспортына қатысты лицензияға қойлатын талаптарды ұлғайтуды көздеп отыр. Осыдан бірер күн бұрын АҚШ-тың киберқауіпсіздігін және инфрақұрылымын қамтамасыз ететін агенттігі мен федералды тергеу бюросы, сондай-ақ, ұлттық барлау қызметі Ресейді АҚШ-тың федералды мекемелеріне ауқымды кибершабуыл жасағаны үшін айыптаған болатын.

0 пікір
Мұрағат