Америкалықтардың дыбыстан да жылдам қаруы Ресейде қайдан жүр (видео)
Америкалықтардың дыбыстан да жылдам қаруы Ресейде қайдан жүр (видео)
6 жыл бұрын 6531 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ресейде америкалық әскери зымырандар зерттеліп жатыр. «Звезда» телеарнасынан Ресей Федерациясының әуе-ғарыш қорғаныс саласының орталық ғылыми-зерттеу институтының құзырында шетелдік қандай қару түрлері мен прототиптері бары көрсетілген. Олардың арасында келешегі зор қару-жарақ түрлері, мысалы, дыбыстан да жылдам зымыран бар. Бұл зымыранды АҚШ қорғаныс министрлігінің перспективалық зерттеу жобалары басқармасы әзірлеген. Сондай-ақ, өткен шақта, дәлірегі, 1993-2007 жылдар аралығында пайдаланылған AGM-129 қанатты зымыранды байқауға болады. Сөз орайы келгенде айта кету керек, кез келген қару тек тактика үшін керек емес, оның стратегиялық маңызына назар аударылады. Әсіресе, осы заманғы жоғарғы технологиялы қару түрлері. Сондай қарудың бірі - дыбыстан да жылдам зымырандар. 

 

0 пікір
Мұрағат