Ассалаумағалейкум!
Ораза ұстап жүріп система алуға не ине салғызуға бола ма? Дана.
Ораза кезінде система салдыруға бола ма?
|

Уағалейкумуссалам!
Қадірменді Дана, Кей жағдайларда табиғи жолдармен қоректене алмайтын кісілерге денені азықтандыру үшін инъекция (денеге дәрі жіберу) жасалып жатады. Сондықтан да, қазіргі таңдағы ғалымдарымыз мұндай ине салу немесе система алу оразаны бұзады дейді. Ал, қуат берер сипатта еместер оразаны бұзбайды деп отыр[1]. Ендеше, ем үшін салғызатын ине салу мен система алу оразаңызды бұзбайды. Алайда, әлсіреген денеге қуат берер (общеукрепляющие капельницы) сипаттағы система қабылдау аузы берік кісіге рұқсат жоқ. Ондай системаны тек ауыз ашқаннан кейін ғана қабылдауға болады. Ең дұрысы - Аллаға мәлім!