Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
|
ПЕТРОПАВЛ Қ.: «FORMSAN» ТАҒАМДЫҚ ҚОСПАЛАРЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Петропавл қаласындағы «Formsan» тағамдық қоспалары «QMDB Halal» стандартына сай сертификатталды. Сертификатты жергілікті өкіл Мақсат Аманжолов табыстады.
«Халал стандарты бойынша сертификатталуды аса қажет ететін тағам өндірісіндегі басты саланың бірі – тағамдық қоспалар.Тағамдық қоспалар –тағамдарды өндіру, өңдеу, дайындау, қаптау, тасымалдау және сақтау барысында өнімге қажетті дәм мен қалып, реңк, қоюлық немесе сұйықтық, сақталу мерзімін ұзарту секілді бірқатар технологиялық мақсатта қолданылады. «Formsan» тағамдық қоспалары лабораториялық зертханада тексеріліп, сертификаттау шараларының оң нәтижесінен кейін ғана «QMDB Halal» сертификаты табысталды», – дейді өкіліміз.
«Formsan» тағамдық қоспаларына берілген халал сертификаты 12.04.2024-11.04.2025 жж мерзімі аралығында жарамды. Мекен-жайы: Петропавл қаласы, Ярослав Гашек көшесі, 26.
АҚТӨБЕ Қ.: «РАМАЗАН» ҰНЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Ақтөбе облысында өндірілетін «Рамазан» ұны «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. Сертификатты «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Алмат Амангелдіұлы табыстады.
«Ұн өндірісі – ауыл шаруашылығының негізгі саласы. Себебі, ұн – тұрмыс-тіршілікте жиі қолданылатын азық-түліктердің бірі. Тағам технологиясының дамыған кезеңінде қарапайым ұнның өзіне небір қоспалар қосылып, алғашқы табиғи құрамы өзгеріске ұшырап, табиғи құндылығын жоғалтып жатады. Осы орайда, ауылшаруашылық өнімдерін халал стандарты бойынша сертификаттау қолға алынды. «Халал Даму» мамандарымен бірлескен жұмыс нәтижесінде «Рамазан» ұны «Халал өнімдерді өндіру, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандартына сай деп танылды. Ұнның құрамы кәсіби мамандар тарапынан толығымен тексерілді», — дейді өкіліміз.
«Рамазан» ұнына берілген халал сертификаты 17.05.2024-16.05.2025 жж мерзімі аралығында жарамды. Мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Заводская көшесі, 23Б.
АЛМАТЫ: 5 КӘСІПОРЫНҒА СЕРТИФИКАТ ТАБЫСТАЛДЫ
«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлының Алматы қаласына іс-сапары барысында өңірдегі бірқатар кәсіпорындарға «QMDB Halal» сертификаты табысталды. Атап айтқанда, «Rumi» рестораны, «Кәусар» дәмханасы, «Bahandi» фаст-фуд өнімдері, «Lauline» косметика өнімдері, «Амиран» кәсіпорны сертификатталды.
«Адалдықтың анық белгісі – «QMDB Halal» сертификаты сенім мен тазалықтың символы іспеттес. Күллі мұсылманның сенімі артылған халал сертификаттарыңыз құтты да, берекелі болсын! Кәсіптеріңіз өрлеп, істеріңіз дами бергей! Алдағы уақытта тұрақты аудит жұмыстарын орындап, бірлескен жұмыстарымызды жалғастырамыз деп сенемін», – деді А. Асқарбекұлы.