Ел іші: Үкімет нөлдік коэффициенті бар салықтар мен әлеуметтік төлемдерді белгіледі
Ел іші: Үкімет нөлдік коэффициенті бар салықтар мен әлеуметтік төлемдерді белгіледі
5 жыл бұрын 2824

Үкімет бизнесті салықтан босату туралы қаулы қабылдады. Министрлер кабинеті осылайша Президенттің экономиканы тұрақтандыру жөніндегі жарлығын орындамаққа кірісті, деп хабарлайды aikyn.kz ақпарат көзі Atameken Business дерек көзіне сілтеме жасай отырып.

Кәсіркерлік субъектілер жарты жылға дейін міндетті төлемнен босатылады. Бірақ, бәрі емес. Толығырақ тілші материалында:

Қазақстанда банк шотынан ақша шешіп алуға шектеу енгізілді

Қолма-қол ақшаның шекті мөлшеріне қатысты өзгерістер осы жылдың бірінші маусымынан бастап күшіне енеді.

Қазақстанда заңды тұлғаларға банк шотынан қолма-қол ақша шешіп алуға шектеу енгізілді, деп жазады sputniknews.kz.

Ақшаның шекті мөлшеріне қатысты өзгерістер осы жылдың 1 маусымынан бастап күшіне енеді. Ұлттық банк заңды тұлғалар үшін банктегі шоттардан шешіп алуға болатын қолма-қол ақшаның шекті сомасын белгіледі: шағын бизнес үшін – күнтізбелік айда 20 миллион теңге; орта бизнес үшін – күнтізбелік айда 120 миллион теңге; ірі бизнес үшін – күнтізбелік айда 150 миллион теңге.

"Жаңашылдық көлеңкелі экономиканы азайтуға, бизнес субъектілері операцияларының айқындылығын арттыруға, сондай-ақ, заңсыз жолмен алынған ақшаны жылыстатуға қарсы күреске және сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге бағытталған", - деді ұлттық банк төрағасының орынбасары Дина Ғалиева.

Айтуынша, шектеудің қолданылу мерзімі – осы жылдың соңына дейін. Егер компанияға бір айда белгіленген лимиттен артық ақша шешу қажет болса, онда екінші деңгейлі банкке тиісті негіздемемен жүгіну керек. Банк соманы ұлғайту туралы өтінімді қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетімен 3 жұмыс күні ішінде келіседі. Осыдан кейін ғана барып компанияға рұқсат беріледі.

Шектеу кімдерге қатысты емес:

- жеке тұлғаларға;

- жеке кәсіпкерлерге;

- микрокәсіпкерлік субъектілеріне;

- ауыл шаруашылығы азық-түлігі өнімін, балық өнімін сатып алуды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға;

- тамақ өнімдерін, сусын, фармацевтикалық, медициналық және ортопедия тауарларын бөлшек сатумен айналысатын заңды тұлғаларға;

- екінші деңгейлі банктерге;

- "Қазпошта" АҚ;

- банктік емес ақша айырбастау пунктеріне.

Қазақстанда малды сыртқа тасымалдауға жарты жылға шектеу қойылды

Қазақстанда малды сыртқа тасымалдауға алты айға шектеу қойылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Атап айтсақ, енді алты бойы сиыр, қой және ешкі сынды малдарды сырт мемлекеттерге тасымалдауға тыйым салынды.  

15 сәуір күні "Ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жануарлар туралы" заңына ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров пен қаржы министрі Әлихан Смайылов бірлесіп қол қойыпты. 

"ҚР аумағынан алты айға ірі қара мен қой, ешкі сеілді малдарды сыртқа тасымалдауға алты айға шектеу қойылады", - делінген құжатта. 

Бұйрық шығарылған күннен он күн өткен соң 25 сәуір күні өз күшіне енеді. 

Еске салайық, бұған дейін Қазақстаннан сыртқа малды тасымалдауға 10 ақпан мен 22 сәуір аралығында тыйым салынған еді. 

Бұл кезде ауыл шаруашылығының бұрынғы министрі Асылжан Мамытбеков бастаған Қазақстанның ет қауымдастығы бұл шешімге қарсы шығыпты. Наразы топ шектеудің еттің қымбаттауына байланысты қойылып жатқандығын айтыпты. 

0 пікір
Мұрағат