Гендік терапия соқырлыққа бастайтын, емі жоқ көз ауруынан айықтырады
Гендік терапия соқырлыққа бастайтын, емі жоқ көз ауруынан айықтырады
4 жыл бұрын 4144 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар көз жүйкесінің доминантты атрофиясы деп аталатын, соқырлыққа алып келетін, осы уақытқа емі табылмаған ауруды еңсеруге мүмкіндік беретін гендік терапияны ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы шетеллік мерзімді басылымдарға сілтеме асай отырып мәлім етеді. Бұл – тұқым қуалайтын ауру. Аталмыш дерттен көз жүйкесі зақымдалады. Көз жүйкесінің доминантты атрофиясы немесе Кьердің оптикалық нейропатиясы адамның жасы ұлғайған сайын көз жүйкесінің дегенерациясын тудырады, яғни, кері генерацияға бастайды. Аталған дерттен науқастың көру қабілеті нашарлайды, дальтонизмге (түстерді ажырату қабілетінен айыратын дерттің сатысы) ұрындырады, соңында көрсоқырлыққа алып келеді. Бұрынғы зерттеу нәтижелерінен белгілі болғандай, бұл аурудың дамуына ықпал ететін OPA1 гені митохондрияға (энергия түзетін және жинайтын мембраналы органоид) қызметін атқаруға көмектесетін ақуызды бұғаттап тастайды. Дублин қаласындағы Тринити-колледжінің биологтері тышқанның көз жүйкесін митохондрия дисфункциясынан (яғни, митохондрия қызметінің нашарлауынан) қорғайтын гендік терапияны ойлап тапты. Ғалымдар, сондай-ақ, өздерінің гендік терапиясының OPA1 генінің мутациясы орын алған адам жасушасындағы митохондрия қызметін де жақсартқан. Осылайша аталған гендік терапия адамға да пайдалы болып шықты. Бұл терапия вирустарды пайдалануға негізделген. Вирустар зақымдалған жасушаларға жұғып, оларға OPA1 генін жеткізген. Жасанды вирустар жасушаға зияны жоқ. Мұндай әдіс зақымдалған жасушалардағы митохондрияның қызметін жақсы жағына өзгертіп, олардың энергия өндіруіне жағдай жасаған. Аталмыш зерттеу авторларының айтуынша, өздерінің бұл әдісін емі жоқ Паркинсон және Альцгеймер ауруларын емдеуде пайдалануға болады.

0 пікір
Мұрағат