Адамның өзіне бөгде біреудің тесіле қарағанын қалай сезетіні белгілі болды
Адамның өзіне бөгде біреудің тесіле қарағанын қалай сезетіні белгілі болды
3 жыл бұрын 8580 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Адамдар кейде өзіне бөгде біреудің тесіле қарап тұрғанын немесе сұқтана көз салғанын ту сыртымен сезеді. Оның құпиясын ғалымдар мидағы аса күрделі нейрондық желімен байланыстырып отыр әрі бұл феноменді «көзқарасты табу жүйесі» деп атады. Бұл жайында islam.kz порталы Nation News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш зерттеу тұжырымы америкалық PNAS мерзімді басылымында жарияланды. Ғалымдар келтірген дерекке қарағанда, мұндай феномен тек адамдарда ғана емес, сонымен қатар, сүтқоректілердің көбісінде кездеседі. Алайда, бұл феномен жануарларға қарағанда адамдарда жақсы дамыған болып шықты. Адамдардың склерасы – екі көздегі көзқарастың бағытын тануға көмектесетін, көздің қарасын қоршап тұрған көздің ағы жақсы дамыған. Адам бөгде көзқарасты периферилік жанармен (периферилік жанар ретінде көз торының жүйке жасушаларын атауға болады, яғни, көз алдындағы емес нәрсені қабылдайтын жанар) байқайды. Яғни, көздің көру алаңынан тысқары жердегіні көре алады. Неврологиялық зерттеу нәтижесінен белгілі болғандай, тесіле қарап тұрған адам бірнеше секундқа жанарын тайдырып әкеткен күннің өзінде өзіне тесіле қараған жанның көзқарасынан болатын жағымсыз сезімнан арыла алмайды.

0 пікір
Мұрағат