Күллі әлем бойынша туу көрсеткіші 70 жылда екі есе төмендеп кеткен
|
Демограф ғалымдар 1950-2021 жылдар аралығында ббүкіл әлемже бала туу көрсеткіші екі еседен астам 4,84-тен 2,23-ке дейін төмендегенін хабарлады. 2100 жылы бұл көрсеткіш 1,59-ға дейін төмендейді. Бұл жайында islam.kz порталы knife.media ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Барлық елдерде туу көрсеткіші төмендеді, 2021 жылы бұл көрсеткіш тек 94 аймақта 2,1-ден жоғары болып қалды. Бұл мәнде популяцияның ұдайы өндірісі сақталады, яғни, ұлттың жойылу қаупі болмайды. Ұлттық деңгейде туу коэффициенті Оңтүстік Кореяда 0,82-ден Чадта 6,99-ға дейін ауытқиды. Демогрфиялық ахуалы нашарлаған елдердің бірі - Ресей Федерациясында 1950 жылы 2,77 болса, 1,48-ге жетті. Мұндай ахуал ресурстардың қайта бөлуге әкелуі мүмкін, ал бұл жайт экономикалық процестер мен адамдардың әл-ауқатына тікелей әсер етеді.