Жойылып бара жатқан аңды құтқару үшін 1 млн ағаш отырғызылады (видео)
Жойылып бара жатқан аңды құтқару үшін 1 млн ағаш отырғызылады  (видео)
3 жыл бұрын 2938 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Оңтүстік шығыс Азияда тіршілік ететін қабылан тектес тағы мысықтың Сингапур аумағында 2012 жылы тек 50-і ғана қалғаны белгілі болған еді. Бұл жайында islam.kz порталы The Straits Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Олар Сингапур аумағындағы орман-тоғайда тек түнде ғана жортады, бұдан бөлек, тарғыл терісі қараңғыда жасырынуға көмектеседі. Сол себепті, адам көзіне түсе бермейді. Десе де бұл бағытта арнайы жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінен белгілі болғандай, олардың қарасы күрт азайып, жойылу қатері төнген. Соңғы рет 1997 және 2014 жылдары ғана байқалған. Бұл тұмса табиғатта аса сирек кездесетін тағы аңды жойылудан қалай аман алып қалмақ? Қандай тәсіл қолданады? Аталған елдің Ұлттық бақтар басқармасының мамандары қабылан текті мысықтарға үллі Синнапур аумағында еркін кезетіндей етіп «жасыл дәліз» құруды көздеп отыр. Бұл жоба олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, өсіп-өнуіне ағдай жасамақ. Осы мақсатта бір млн ағаш отырғызуды жоспарлап отыр.

0 пікір
Мұрағат