Айтпаса да түсінікті
Жануарлар әлемі: Қызғылт түсті пілдің баласы
|
Африканың оңтүстігінде орын тепкен ұлттық қорықтағы қызғылт түсті пілдің баласын туристердің бірі таспаға тартып алыпты. Қызғылт түсті піл альбиност-пілге жатады. Ол өзге пілдірге қарағанда әлдеқайда кішірек болып келеді. Бұған қоса, мамандар мұндай пілдердің соқыр болатынын әрі кәдімгі пілдерге қарағанда аз өмір сүретінін айтып отыр. Меланин пигменті болмағандықтан олар Африканың аптап ыстығында, яғни, шыжығын күн сәулесінен олардың терісі тез зақымданады. Бұл жайында «Daily Mail» ақпарат көзі хабар таратты.
Рельстердің астындағы тасбақаларға арналған тоннель (ФОТО)
Сырттан қараған жанға бастапқыда жапониялық теміржолшылар пойыздардан құтқару үшін тасбақаларға рельстердің астында тоннель жасап жатқан сияқты көрінеді.
Алайда олар мұны тасбақаларды емес, керісінше, өтетін пойыздар мен жолаушыларды құтқару үшін жасап жатыр. Жапонияда тасбақалар жолды өзгертуге болатын рельстерде жиі қыстырылып, пойыздың дұрыс бағытқа бұрылуына кедергі жасайды.