Атмосферадан климат пен адам денсаулығына кері әсер ететін супер реактивті тотықтырғыштар табылды
Атмосферадан климат пен адам денсаулығына кері әсер ететін супер реактивті тотықтырғыштар табылды
3 жыл бұрын 2006 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. ROO + OH → ROOOH (Оттегі қызылмен белгіленген)

Копенгаген университетінің ғалымдары атмосферадан супер реактивті химиялық қосындыны – триоксидтің жаңа класын тапты. Бұл жайында islam.kz порталы SciTechDaily ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Біз сөз етіп отыран аса күшті тотықтандырғыш климат пен адам денсаулығына кері әсерін тигізіп, тікелей қауіп төндіреді. Гидротриоксидтер (ROOOH) органикалық пероксидтік радикалдар (ROO) мен гидроксил радикалдары (OH) арасындағы реакция нәтижесінде пайда болады. Гидротриоксидтер бірнеше минуттан бір сағатқа дейін жойылмайды, яғни, атмосферадағы өзге заттармен реакцияға түсетіндей тұрақты сипатқа ие. Триоксидтер адамдар тыныс алғанда ішке енетін аэрозолды бөлшектерге тап болады, салдарынан респираторлық және жүрек-қан тамыр ауруларын тудырады. Сондай-ақ, аталмыш қосынды жерің жылу балансына ықпал ете алады.

0 пікір
Мұрағат