|
Түсік жасатудың кесірінен бір жылда 73 млн-нан аса бала өмір есігін ашпады
|
2025 жылы күллі әлем бойынша 73 млн-нан аса түсік жасалған. Бұл жайт жаһандағы өлім-жітімнің ең негізгі себептеріне айналдырған. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сүйенген Worldometers жаһандық платформасына жөн сілтеген The Christian Post ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Worldometers мәліметіне сәйкес жасанды түсіктердің орташа әлемдік көрсеткіші 15-49 жас аралығындағы 1000 әйелге шаққанда 39-дан келеді. Яғни, күллі әлем бойынша 15-49 бала көтеруге қабілетті жастағы 1000 әйелдің 39-ы түсік жасатқан. Жылына шамамен 121 миллион жоспарланбаған жүктіліктің 61% -ы түсікпен аяқталады. Бұл көрсеткіш ДДСҰ-ның моделдеуге негізделген және заңды да, заңсыз да процедураларды қамтиды. Өлім-жітімнің басқа себептерімен салыстырғанда жасанды түсіктер саны барлық басқа көрсеткіштерден едәуір асып түседі. 2025 жылы 10 миллионға жуық адам онкологиялық аурулардан, 6,2 миллион адам темекі шегумен байланысты аурулардан, 17 миллион адам инфекциялық аурулардан, 2 миллионға жуық адам АҚТҚ/ЖҚТБ-дан қайтыс болды. Аталмыш платформа хабарлағандай, 2025 жылы әлемде өлім-жітімнің жалпы саны шамамен 140 миллионды құраған. Олардың 67,1 миллионға жуығы жаасанды түсіктен басқа барлық себептерге қатысты. Осылайша, жасанды түсік жыл ішіндегі өлім-жітімнің 52% -ын құрады - бұған бірқатар халықаралық ұйымдар, соның ішінде LifeNews да назар аударып отыр. Worldometers есебі бойынша Құрама Штаттарда күн сайын 1500-ден 2500-ге дейін түсік жасалады. Гуттмахер институтының 2020 жылғы мағлұматына сәйкес елдегі жасанды түсік деңгейі 1000 әйелге шаққанда 14,4-ті құраған, ал жүктіліктің шамамен 20% -ы (жүктілікті есептемегенде) түсікпен аяқталған. ДДСҰ-ның бұл тараптағы жаһандық есеп-қисабы ресми тіркелген және тіркелмеген процедураларды да қамтыған. Бұл деректер жаңартылған моделдеуге негізделген, бұрын, яғни, 2010-2014 жылдардағы түсіктердің жыл сайынғы саны 56 миллионды құраған. Жасанды түсікке қатысты көрсеткіштің өсуін халық санының ұлғаюымен, түсік тастауға мүмкіндік беретін дәрі-дәрмектің арзандығымен әрі еркін сатылатындығымен, сондай-ақ, тіркелмеген процедуралар туралы деректерді жинау әдістерінің жақсаруымен байланыстыруға болады.