Сәулет: Әлемдегі ең әдемі кеңсе ғимараттары (фото)
Сәулет: Әлемдегі ең әдемі кеңсе ғимараттары (фото)
9 жыл бұрын 12261

Кеңсе ғимараты – адамдар жұмыс істейтін орын болғанымен осы заманғы сәулет өнерінің құрамдас бір бөлігіне айналып үлгерген. Әдеттегі сұрықсыз ғимараттардың орнын дизайны өзгеше ғимараттар басқан. Бүгінгі таңда қалалық жерлерді кеңсе ғимаратынсыз елестете алмайсыз. Яғни, кеңсе ғимараты қала көркін келтіретін ғимаратқа айналып үлгергені қашан. Тіпті, қаланың бас төлқұжаты десе де болады. Ол барлық пен байлықтың белгісі саналады бүгінде, әр мекеменің айбынын асыратын болды. Назарларыңызға әлемдегі ең әдемі кеңсе ғимараттарының фотосуреттерін ұсынып отырмыз.

1. Финляндия астанасы – Хельсинкі қаласындағы Arctia Shipping штаб-пәтері

Мына суреттен көріп отырғандарыңыз – қалқымалы оифс. Оның жанында кеме аялдайтын айлақ бар. Arctia Shipping компаниясы мұзжарғыш флотқа ие. Аталмыш компания Хельсинкі қаласындағы Катаянокка портында осы фоисті жалға алған болатын. 

2. АҚШ-тың  Сиэттл қаласындағы Federal Center South Building 1202 кеңсесінің ғимараты

АҚШ Қаруулы күштерінің Инженерлік корпусының офисі. Federal Center South Building 1202-нің жобасын ZGF Architects студиясы жасаған.

 

3. Үндістанның Жайпур қаласындағы  72 Screens кеңсе ғимараты

Бұл ғимарат ішіндегі адамдар ыстықтамайтындай етіп салынған. Жайпур тропикалық климатта орналасқандықтан 30 градустан жоғары аптап ыстық орнайды.

 

4. Жапония астанасы – Токио қаласындағы Dear Ginza кеңсе ғимараты

Amano Design Office дизайнерлік фирмасы жобалаған.

 

5. Біріккен Араб Әмірліктері, Әбу-Даби қаласында орналасқан Siemens компаниясының Таяу Шығыстағы штаб-пәтері 

Көз алдарыңыздағы ғимарат аймақтағы осы заманғы ең озық сәулет өнерінің үлгісі. Жоба авторы – Шеппард Робсон. Бұл кеңсе ғимараты Әбу-Дабидегі экологиялық қалашық Масдар-Ситиде салынған. Бұл – энергияны үнемдеуге мүмкіндік беретін технологиялық жоба.  

 

6. Үндістанның Мумбай қаласындағы Capital офисі 

Bandra Kurla кешенінде орналасқан 19 қабатты кеңсе ғимараты. Жобасын  Wadhwa Developers сызған. Бұл ғимаратта компанияның кеңсесі, бөлшек сауда орталығы орналасқан. Бұған қоса, бұл ғимаратта әлемдегі ең үлкен автоматтандырылған автотұрақ бар. 

 

7. Біріккен Араб Әмірліктері, Әбу-Дабидегі Al Bahr Towers зәулім ғимараты

Халықаралық Aedas сәулет компаниясының мамандары Әбу-Дабидің инвестициялық кеңесііне арналған 25 қабатты екі Al Bahar Towers зәулім ғимаратының жобасын сызды. Төбесі көк тіреген бұл екі мұнара 2012 жылы салынып бітті. Олардың биіктігі 145 метрге жетеді. Бұл ғимарат шамамен 1 мың адамға шақталаған. Компьютермен басқарылатын инновациялық қасбеті (алдыңғы жағы) күннің жылжуына қарай өздігінен ашылып-жабылады. Бұл өз кезегінде көз қарықтырған күн сәулесінің 50 пайызын азайтуға мүмкіндік береді. Ал бұл ғимарат ішін салқындатуға, яғни, желдетуге кететін энергияны үнмедейді.  

 

8. Оңтүстік Корея астанасы – Сеул қаласындағы кәріс индустриясы федерациясының штаб-пәтері 

50 қабатты ғимараттың биіктігі – 244 метр. 2013 жылы салынып бітті. Кәрістердің индустрия федерациясы Samsung, LG және Hyundai Motors секілді аса ірі компания. 

 

9. Небоскреб Magma Towers в Монтеррей, Мексика

Ғимарат 2013 жылы салынып бітті. Сыртынан қарасаң, әкетіп бара жатқан өзгешелігі жоқ мұнда қу жанға керектінің бәрі бар: бар, хауыз, жаттығу залы, жасыл желек жамылған бақ, т.б.

 

10. Исландия астанасы – Рейкьявик қаласындағы Turninn ғимараты 

Исландиядағы ең биік ғимарат. Жоғарғы қабатында мейрамхана бар. 

 

11. Қытайдың  Гаунчжоу қаласындағы Pearl River Tower ғимараты 

Сәулетшілер бұл жобаны энергияны үнемдеу бойынша әлемдегі ең тиімді ғимарат санайды. Оның жобасын чикаголық Skidmore, Owings & Merrill (SOM) компаниялары сызған.  Pearl River Tower-дің энергияны аз тұтынуы үшін 309 метрлік ерекше қырлары желді төрт саңылауға бағыттайды. Жел ғимараттың ұңғыл-шұңғылынан өтіп, өз кезегінде электр энергиясын  алуға мүмкіндік береді.

0 пікір
Мұрағат