Қытай амалдың жоқтығынан геотермалды энергияға көшеді
Қытай амалдың жоқтығынан геотермалды энергияға көшеді
7 жыл бұрын 6685 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытай билігі 2020 жылға қарай 70 млн тонна көмірді жағудан бөлінетін энергияға эквивалентті, яғни, пара-пар геотермалды энегрия өндірісін арттыруға көшеді. Мұндай қадамға қоршаған ортаның шектен тыс ластануына байланысты амалсыздан барып отыр. Осылайша ауаның ластануымен күресіп, экологияның тазалығына қол жеткізуді көздейді. Аталмыш елдің даму және реформа істері жөніндегі мемлекеттік комитеті мен энергетика істері жөніндегі мемлекеттік басқарма 2020 жылға қарай, яғни, екі-үш жылдың ішінде тұрғындарға жылу беру мақсатында геотералды энергияны 40 млн тонна көмірді жағудан бөлінетін энергияға пара-пар арттыруға бел байлап отыр. Жылдық тұтыну көрсеткішінде. Қытай билігінің 2016-2020 жылдарға арналған жаңғыртпалы энергия көздерін дамыту жөніндегі жоспарына сәйкес жаңғыртпалы энергия көздерінен энегря өндіруді сағатына 1,9 трлн кВт электр алатын болады. Бұл көрсеткіш елде электр энергиясының 27 пайызына тең. Айта кетейік, жер қойнауында жасырынып жатқан жылу энергиясы ең таза жаңғыртпалы энергия ресурсы болып табылады. Мұндай энергияны игеру қоршаған ортаны жақсартуға көп көмегін тигізеді. 

0 пікір
Мұрағат