ЛГБТ-ны насихаттағандар жауапкершілікке тартылады
ЛГБТ-ны насихаттағандар жауапкершілікке тартылады
2 жыл бұрын 2122 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясының министрлер кабинеті көп ұзамай ЛГБТ (лесбиянка, гомосексуалист, бисекусал және транссексуал) мен педофилділікті насихаттауды заңға қайшы деп танитын құжат жобасын қарастыратын болады. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш заң жобасына енгізілетін мұндай түзетуді ұсынған Александр Хинштейн есімді мемлекеттік дума депутаты әрі ақпараттық саясат жөніндегі комитет жетекшісі тиісті құжаттың үкіметке жөнелтілгенін жария етті. Осы орайда РФ аумағында қолданыстағы заңнамада аталған арсыздық пен азғындыққа тек ішінара тыйым салынған. Бұл бағыттағы заң жобасы депутаттар тарапынан қабылданса, дәстүрлі емес төсек қатынасын насихаттағандар жасына қарамай жауапкершілікке тартылады. Аталмыш заң талаптарын бұзған қатардағы жекелеген азаматтарға 50-200 мың рубл аралығында айыппұл салынады. Ал осындай әрекетке барған мемлекеттік лауазымды қызметкерге 100-200 мың рубл мөлшерінде, заңды тұлғаларға 800 мыі немесе 1 млн рубл шамасында айыппұл салынады.

0 пікір
Мұрағат