Жаңа жібек жолы: қай елге тиімді?
Жаңа жібек жолы: қай елге тиімді?
7 жыл бұрын 6863 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Алты құрлықтың ішіндегі халық саны да көп, климаты да, биологиялық ерекшелігі де әр алуан, Африканы есептемегенде ірілі-ұсақты мемлекеттер саны да көп алып ЕуроАзияда ел мен елдің арасын байланыстырған ежелгі сауда керуен жолы Жібек жолы интеграция қарқын алған бүгінгі таңда жаңғырып отыр. Әлемге әйгілі Жібек жолы Қазақстан аумағынан өтетіндіктен, яғни, Еуропа мен Азияны жалғайтын дәлізге елімізде бәс тігіліп отыр. "Батыс Қытай-Батыс Еуропа" жобасы дүниеге келді. Қазақстанның транзиттік әлеуетін танытатын аталмыш жобадан Қазақстан экономикасының ұтары көп. Алайда, Сібірді басып өтетін Транссібір магистралі ЕуроАзияда тағы бір Жібек жолы бола ала ма? Оны жаңғырту, экономикалық мүддеге пайдалану мәселесі көтерілуде. Жапонияның транссібір интермодалдық операторлар қауымдастығының бас хатшысы Кадзухито Еда жаңа Жібек жолының әлеуетін толық пайдалануды ұсынып отыр. Тек жапондар мен орыстардың арасындағы экономикалық алыс-беріспен шектеліп қалмай, Еуропаға да Транссібір арқылы сауда-саттық байланыс орнатуға болатынын алға тартып отыр. Айта кетейік, құрлықпен тасымалдау сумен тасымалдауға қарағанда әлдеқайда қымбатқа түседі. Бұған жапон компаниялары қалай қарайды? Ал Жаңа жібек жолы - Қытай мен кәрі құрлық арасындағы жолаушылар мен жүк тасымалдау дәлізі. Бұл дәліз Транссібірді де (Ресей, Қазақстан аумағы арқылы өтеді) қамтиды. Аталмыш дәліз Иран, Үндістан, Мьянма, Таиланд, Пәкістан, Непал, Ауғанстан, Малайзия және оңтүстік-шығыс Азия елдері мен Кавказ (Әзірбайжан, Грузия) елдерін қамтиды. Аталған дәліз, сондай-ақ, Босфор бұғазын да, Каспий теңізін де (Әзірбайжан-Иран-Түркіменстан-Қазақстан) қамтиды.

0 пікір
Мұрағат