Жағармаймен және дизел отынмен жүретін автокөліктерді сатуға тыйым салынaды
Жағармаймен және дизел отынмен жүретін автокөліктерді сатуға тыйым салынaды
7 жыл бұрын 5085 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Францияда 2024 жылы жағармаймен және дизелдік отымен жүретін автокөліктердің саудасына толық тыйым салынады. Бұл жайында Energyworld жаңалықтар порталы аталған елдің энергетикаға өту жөніндегі министр Николя Юлоға сәлтеме жасай отырып, хабар таратты. Аталмыш ақпарат көзінің айтуынша, министр бұл мәлімдемесін Париж қаласында өткен елдің экологиялық ахуалын дамытуға арналған бес жылдық жоспарын таныстыру кезінде жасаған. Оның айтуынша, бұл экоолгияны жақсарту бағытында жасалған революциялық қадам болмақ. Министр автокөлік компанияларына ел билігінің бұл шешімі оңай тимейтінін жасырмады. Десе де ол көптеген компаниялар іштей жану қозғалтқышынан бас тарта бастағанын да жеткізді. Бұған қоса, министр ел аумағындағы көмір электрстанцияларының барлығы жабылатынын және ядролық электр энергиясының үлесін 75 пайыздан 50 пайызға дейін кемітілетінін мәлім етті. 

0 пікір
Мұрағат