Иранның Парсы шығанағындағы ең басты көзірі маңызы жоғалта бастады
Иранның Парсы шығанағындағы ең басты көзірі маңызы жоғалта бастады
1 сағат бұрын 47 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Иран билігі арқа тұтып, есеп құрған Үрміз бұғазы Парсы шығанағындағы ең басты көзірі болудан қалып барады. Бұл жайында islam.kz порталы Сursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Үрміз бұғазын жабу Иранды әлем экономикасы мен Парсы шығанағы елдеріне ықпал етудің стратегиялық тетігінен айыруы мүмкін. Үрміз бұғазын бұғаттаумен байланысты энергетикалық дағдарыс ирандықтар күткендей эффекті бермеді. Мұнай бағасының күрт өсуіне және ресурспен жабдықтаудың ауқымды іркілістеріне қарамастан әлемдік экономика толық құлдыраудан құтыла алды. Сарапшылардың айтуынша, көптеген мемлекеттер Үрміз бұғазына тосқауыл қою сценариіне алдын ала дайындалып, баламалы бағыттарды бірнеше жыл бұрын қарастыра бастаған. Сауд Арабиясы Үрміз бұғазын айналып өтіп, Қызыл теңіз арқылы мұнай экспорттауға мүмкіндік беретін East-West Pipeline мұнай құбырын пайдалануды күрт ұлғайтты. Біріккен Араб Әмірліктері кен орындарын Иранның бақылау аймағынан тыс Фужейра айлағымен қосатын ADCOP құбырын іске қосты. Бір мезгілде Америка құрама штаттары мұнай экспортын рекордтық көрсеткішке дейін арттырды, ал әлемдік нарыққа қосымша шикізатты Норвегия, Бразилия, Нигерия және Аргентина жеткізе бастады. Мұнай тұтынатын елдер мен өндірушілер Иранның әрекетінен сабақ алып, алдағы уақытта жаңа мұнай құбырлары мен баламалы бағыттарға инвестицияны арттыратын болады әрі өзге де энергетикалық орталықтарды дамытуға күш жұмсайды. Үрміз бұғазы Иранның ондаған жыл бойы геосаясаттағы ықпал ету тұтқасы мен құралы болып келді. Алайда, қазіргі дағдарыс Иранды мұндай артықшылықтан айыратын болады. 

0 пікір
Мұрағат