Иран шетелдіктерге бақылауды күшейтті
Иран шетелдіктерге бақылауды күшейтті
4 ай бұрын 455 inform.kz Еркежан Смағұлова

KAZINFORM – Иран парламенті елге келетін шетелдіктерге бақылауды күшейтті.

Парламент депутаттарының тиісті шешімі туралы Tasnim агенттігі парламенттің ішкі істер комиссиясының төрағасы Мохаммад Салех Джокарға сілтеме жасап хабарлады.

Атап айтқанда, Иранға келген шетелдіктер үшін кепілдік енгізіледі. Енді Ислам Республикасы аумағында болуды жоспарлағандардан белгілі бір соманы депозитке салу талап етіліп, елден шыққаннан кейін қайтарылады.

Кепіл көлемі әзірге белгіленген жоқ. Оны елдің Ішкі істер министрлігі анықтайды.

Сонымен қатар, басылым шетел азаматтарының мәселелері бойынша ережелерді әзірлейтін «Басқару кеңесі» құрылғанын хабарлады.

Тамыз айында Иран шекара полициясының қолбасшысы, бригада генералы Ахмад Әли Гударзи заңсыз мигранттар Ираннан 2025 жылдың 21 наурызына дейін кетуі керек деп мәлімдеген.

Оның айтуынша, бұл саясат елдің қауіпсіздігі үшін халықтың қалауы бойынша жүзеге асырылып жатыр.

Иранға әсіресе Ауғанстан азаматтары көшіп келетіні аталып өтті.

0 пікір
Мұрағат