Иран ғылыми және технологиялық алпауыт елдердің ондығына кіреді, тіпті, Жапонияның өзін артқа тастаған
Иран ғылыми және технологиялық алпауыт елдердің ондығына кіреді, тіпті, Жапонияның өзін артқа тастаған
2 жыл бұрын 1044 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Австралияның стратегиялық саясат институты (ASPI) таяуда жариялаған есебінде келтірілген дерек бойынша Иран ғылым мен технологияның алпауыт державаларының ондығына кіреді және бұл тарапта Жапонияның өзін «шаң қаптырған». Бұл жайында islam.kz порталы presstv.ir ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. ASPI жаңа Critical Technology Tracker мәліметіне қарағанда, Иран бақылауға және қадағалауға арналған қырық төрт технологияның алтауы бойынша алғашқы бестікке кіреді және болашақ он әлемдік державаларды болжайтын жалпы рейтингте тоғызыншы орында тұр.Хирша индексі (h-индекс немесе Хирш индексі — 2005 жылы Хорхе Хирш ғылыми өнімділікті бағалау үшін ұсынған ғылыми-метрикалық көрсеткіш) бойынша алдыңғы қатарлы авиациялық қозғалтқыш, соның ішінде гипердыбысты ұшақтар қозғалтқышы саласында Иран АҚШ пен Қытайдан кейінгі орында, дәлірегі, 4-ші орыннан көрінген, бұл тізімде Жапонияны, Иатлияны және Ұлыбританияны артқа тастаған. Парсы елі, сонымен қатар, биоотын мен ақылды материалдар, сондай-ақ, нарыққа еніп жатқан және түрлі саланың болашағын өзгерте алатын жаңа технологиялар бойынша үздік төрт елдің бірі. Иран әлемдегі синтетикалық биология бойынша жалпы басылымдардың 2 пайызын басып шығарған, осылайша бұл бағытта әлемдік рейтингте 8-ші орынға иек артқан.Жасанды зерде технологиясы бойынша да шиғалар елі алда келеді. Ақпараттық желедеткіштер саласындағы зерттеу орталығына айналды.

 

0 пікір
Мұрағат