Бостбан билігі пілдердің қаптап кеткеніне алаңдаушылық білдіруде
Бостбан билігі пілдердің қаптап кеткеніне алаңдаушылық білдіруде
9 ай бұрын 921 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Bild мерзімді басылымына берген сұхбатында Ботсбан президенті Мокбетси Масиси Германия билігінің құрлықтағы пілдер популяциясын қорғау үшін Африкадан аңшылық олжалар мен құрал-жабдықтарды әкелуге тыйым салу бастамасын қатаң сынға алды. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Қазіргі уақытта Ботсбан аумағында піл популяциясы шектен тыс көбейіп кетті – 130 мыңға жуықтап қалды. Піл табыны адамдарға қауіп төндіріп, егістік алқаптарын тапап, елді-мекендерді қиратуда. Берлинде отырып алып, Ботсбан проблемасы туралы ақыл айту оңай», - деп ашына тіл қатты аталған ел басшысы. Осылай деген ол Босбан Анголаға 8 мың піл бергенін жеткізді. Піл популяциясын азайту үшін. Егер Германия піл популяциясын қорғағысы келсе, Бостбан 20 мың пілді аттандыруға дайын екенін жеткізді. Осы орайда Ботсбан аумағын әлемдегі пілдердің үштен бірі мекендейтінін айта кетпекпіз. 2014 жылы пілді аулауға тыйым салынған. Алайда, 2019 жылы пілдер қарасы күрт өскендіктен аталмыш тыйымның күші жойылды. Жергілікті халықтың талабы бойынша.

0 пікір
Мұрағат