Биік таулы аймақтарда тұратын адамдар саны белгілі болды
Биік таулы аймақтарда тұратын адамдар саны белгілі болды
3 жыл бұрын 1813 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Канадалық ғалымдардың бұл бағытта жүргізген зерттеу нәтижесінен биік таулы аймақтарда қанша адамның тұратыны белгілі болды. Әлем бойынша. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Proceedings of the National Academy of Sciences мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған зерттеудің түпкі мақсаты таулы аймақтардағы адам санын білуде емес, адамның организімінің төзімділігі мен физиологиялық ерекшелігін зерделеуге әрі биологиялық әлеуетін бағалауға саяды. Биік таулы аймақтарда тұратын адамдар саны әр аймақта әрқалай болып келеді – өнеркәсібі дамыған әрі ауқатты батыс елдерінде белгілі бір аумақтармен шектелген. «Биік» ұғымы да салыстырмалы нәрсе: қандай межеден бастап есептеу керек? Канададағы Британ Колумбиясы университетінің ғалымдары таулы аймақтарды мекендейтін адамдар санын анықтау үшін әр ел үшін 500 метрлік интервалдық (аралық) сандық бағалауға географиялық ақпараттық жүйеге негізделген тәсілді пайдаланған екен. Бұл зерттеу, қайталап айтамыз, әуесқойлықты қанағаттандыру үшін жүргізілген жоқ: биік таулы аймаққа бейімделген адамдардың санын дәл анықтау өз кезегінде адамның физиологиясын тереңірек білуге көмектеспек. Өйткені, биікте өмір сүру – адам организіміне ұдайы стрестік салмақ түсіреді. Ауа қысымының төмендігі оттегінің қанға өтуіне кедергі келтіреді. Сол себепті, ой мен етекте өмір сүретін адамдардың дені биіктікке көтерілген өзін жайсыз сезініп жатады. Сонымен биік таулы аймақтарда (жер бетінен есептегенде 3,5 мың метрден жоғары) әлем бойынша 14,4 млн адам өмір сүріп жатыр екен бүгінгі таңда. Ал 2,5 мың метрден жоғары биіктікте 81,6 млн адам, 1,5 мың метр биіктікте 500,3 млн адам өмір сүріп жатыр. 3,5 мың метр биіктікте өмір сүріп жатқандардың көбісі Қытай аумағында болып шықты, ал 1,5 мың метр мен 2,5 мың метр биіктікте өмір сүріп жатқандардың дені Эфиопияда болып шықты.

0 пікір
Мұрағат