«Басмати» күріш сорты Пәкістан мен Үндістанның және ЕО-ның «бас ауруына» айналды
«Басмати» күріш сорты Пәкістан мен Үндістанның және ЕО-ның «бас ауруына» айналды
3 ай бұрын 528 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Еуропалық одақ Пәкістан мен Үндістан арасындағы даулы нәрсеге байланысты екі оттың ортасында қалды. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл арада «Басмати» деген атпен танымал күріш сорты төңірегіндегі талас-тартыс турасында сөз болып отыр. Дәлірегі, бұл күріш сортына қатысты дау-дамай ЕО мен Үндістан арасындағы еркін сауда-саттық жөніндегі келісімге қауіп төндіріп тұр. Үндістан ЕО-дан осы атауды өзіне таңуды талап етуде. Яғни, ЕО елдерін аталмыш күріш сортының үнділерге ғана тиесілі екенін мойындатқысы келеді. «Басмати» — Гималай тауының етегінде өсетін таңдаулы күріш сорты. Бұл күріштің бір тоннасының бағасы 300 доллардан жоғары болып келеді. Мәселенің мәнісі – күріш өсетін аймақ Пәкістан мен Үндістан арасындағы даулы өлкеде – Кашмирде өседі. Пәкістан тарапы 2023 жылдың өзінде «Басмати» күрішінің атауын пайдалану құқығына арыз беріп қойған. «Басмати» күрішінің тауарлық белгісінде қай елдің атауын қою туралы шешім әлі қабылданған емес. Егер Пәкістан өтінішін қанағаттандырса, Пәкістанның Кашмирге ие екенін заң жүзінде мойындаған болады. Немесе керісінше. Үндістандікі деп тануына жол ашады. Біржақты шешім сыздауықтай жарылғалы тұрған мәселені одан ары ушықтырып, тіпті, ЕО-ның өз ішінде шиеленіс тудырмақ. Осы орайда Үндістанның ЕО-мен 2007 жылдан бері еркін сауда-саттық туралы келісімге қатысты келіссөз жүргізіп жатқанын айта кетпекпіз. 2013 жылы аталған талас-тартысқа байланысты, интеллектуалды меншік құқығы мен ақпараттық қауіпсіздікке байланысты бұл келіссөз тоқтап қалған еді. Бұл келіссөздің қайта жандануына Ақ үй қожайыны Доналд Трамптың тарифтік саясаты, соның ішінде Үнді тауарларына кеден салығын көтеріп жібергені себеп болды. Америка құрама штаттарынан күдерін үзген Үндістан билігі аталмыш келіссөзді қайта қозғап отыр.

0 пікір
Мұрағат