15.02.2016 12298 Ойтамшы
Жезөкшелікті заңдастырсақ қайтеді?

Таяуда еліміздегі бір сайттан жезөкшелікті заңдастыруға қатысты бір ақпаратты көзім шалды. Осыдан бірнеше жыл бұрын өзін зиялы санайтын бір зиянды кісі де маған дәл осы ұсынысты айтқан болатын. "Қоғамда бұл іс қалай болғанда да жүзеге асып жатыр. Сендер харам дегенмен ол тоқтап қалмайды. Істейтін адам әйтеуір бір амалын тауып, бәрібір жасайтынын жасайды. Ендеше, оны заңдастыру қажет. Есесіне қазынамызға салық төленеді. Қыздар медициналық бақылауда болғандықтан, ауру тарамайды" - деген уәжін келтірді, қазынаның қамын ойлап, халқымыздың денінің сау болғанын тілеген адам болып.

Мен оған: "Біріншіден, заңдастыру дегеніміз ол - харам қылықты ақтап алу деген сөз. Алланың харам еткен нәрсесін ешкім адалдай алмайды. Екіншіден, заңдастыру кісінің жүрегінен күнәға деген жеккөрінішті жойып жібереді. Жаман қылық қай кезде де жеккөрінішті болып, солай қалуы керек. Заңдастырған жағдайда, жезөкшелер күнә жасап жатырмын деп емес, керісінше, өздерін белгілі бір мамандық иесі сезініп, қоғамға пайдам тиіп, қазынаға ақша құйылып жатыр деген ойда болады. Ал онда баратын еркектер де күнә істеуге емес, ақшасын кассаға төлеп, төленді деген түбіртегін қолына алып, бейнебір билет алып, киноға кіргендей күйде болады. Харам қылық мәдениетті іске айналады. Кісінің жүрегінен ұят сезімі жоғалады. Харамға күнә істеп жатырмын деген психологиямен емес, құдды сауапты іс тындырып жатқандай күйде барады.

Алла елшісі (с.а.у.) бір хадисінде: "Тыйылған істі көрсеңдер, оны қолдарыңмен түзетіңдер, ал егер оған шамаларың жетпесе, тілдеріңмен түзетіңдер.  Оған да шамаларың келмесе, онда ең болмаса, жүректеріңмен сол істі жек көріңдер. Жек көрудің өзі иманның ең әлсізі" - деген. Неге иманның ең әлсізі? Себебі қандай да бір тыйым салынған істі жек көрмеу оны құптау, қолдау дегенді білдіреді. Алланың харам еткен нәрсесін құптау кісіні иманнан жұрдай етеді. Яғни, ең болмаса харамға арам көзімен қарай алмаған кісінің әлсіз де болса, иманы жоқ деген сөз. 

Үшіншіден, қазынаға түскен арам ақшаның халыққа қажеті қанша? Мұсылман халықтың аузына түсер харам ас, арам игіліктің зардабын ойладық па? Мектептегі балаңа берілетін астың бір парасы сол харам ақшадан құйылатын арам ас болмай ма?

Төртіншіден, "медициналық бақылау болғандықтан, ауру тарамайды" - деп күнәһарларға жанымыз ашымай-ақ қойсын! Ол Алланың күнәһарларға жазған мына дүниедегі жазасының бірі ғана!" - деп жауап бердім. Ол үнсіз ойға батты. Құптады ма, жоқ әлде жауабыма қарсы жауап іздеді ме, ол жағы бір Аллаға аян.

12 пікір
  • Жезөкшелік, арсыздық, өсімқорлық, алаяқтық сияқты қылмыс-күнәлардың зардабынан Алла сақтасын! Алла сақтасын!
    6 жыл бұрын
  • Макаланы окып шыгып, терен ойга батып, осы такырыптагы бурынгы ойлар еске туседи. Сол шамамен айткан "кайраткер" казактын санын осылайша "жедел" кобейту жолын усынып еди. Астагфируллах, кандай жииркеништи, зандастыру, "пайда" табу, хараммен тамактану, ауру когам, алсиз урпак, карангылык. Сонда, кулкыны сол пенделердин, соны таким, дурыс корип, мумкиндиги болса жии жии сондай жерлерде журсе, керемет бир дуние битирдим деп ойлаганы гой. Биреу дин деп сакал осирип, "суннамен" журмин деп, ал енди биреу мазар-мола аралап, аулиеден сураганым дин десе, енди мынау сиякты тиршилик иелеринин мурнына диннин иси де бармасада керек. Айтеуир, бир кем дуние.
    6 жыл бұрын
  • Жоғарыда отырған ағаларымыз бұндайға жол бере қоймас. Алла сақтасын!
    6 жыл бұрын
  • ертен б!р жыныстык некен!н де ауылы алыс болма оданда азаматтык некен! зандастырса болар ед!
    6 жыл бұрын
  • Әрбір істің ақырын ойлауымыз керек.Барлық мәселе ақшамен шешілмейді.Қазынамызды ақшамен толтырамыз деп ұрпағымызды имансыз етпейік.Біз текті бабалардың ұрпағымыз. Мұндай сорақылыққа жол бермегеніміз дұрыс.Өзімізге қаламаған нәрсені біреуге қаламауымыз керек.Ешкімде қаламайды өзінің қызы, әпкесі, қарындасы зинақорлыққа барғанын.Сондықтан жезөкшелікті, зинақорлықты заңдастыру дегеніміз ұлт тамырына балта шабу, ұлтымызды тексіз ұрпаққа айналдыру деген сөз.Иманды болайық, арлы болайық, намысты болайық.
    6 жыл бұрын
  • Ең күшті мотиватор – Алланың жәннаты туралы арман, ең тиімді демотиватор – жаһаннәм отынан қорқу.
    6 жыл бұрын
  • Үндемегені - құптағаны ғой. Солай мәселе көтеруге ұялуы керек еді әлгі кісі. Дегенмен де, бұл жабаңыз осы мәселені көтерейін десе көтере алмай жүргендердің аузына құм құйды деп білем. Алла разы болсын!
    6 жыл бұрын
  • Жезөкшелікті емес, көп әйел алуды заңдастыру керек. Баласының әкесін өзі ғана білетін, бұрын тұрмысқа шықпаған қаншама қыздыр жүр.
    6 жыл бұрын
  • Қайрат аға, келесі жазбаңызды күтудеміз :)
    6 жыл бұрын
  • Ия СубханАллах. Жаны ашыған болып жамандығын асырғысы келеді.
    6 жыл бұрын
  • Зандастырудын орнына ,бул нарсени жою керек. Калай жою керек миым жетер емес. Соншалыкты тамырланып кеткен проблема. Бул жерде акшанын жетпеуи немесе жуммыссыздык кинали емес. Бул нарсеге итермелейтини адамдардын санасында. Адамдар женил жолды калайды жане отбасыдагы тарбиенин дурыс еместиги. Бес жаска дейн адамнын алган тарбиеси , болашак омирди калыптастырады. Телевизордан не болса соны корсетеди. Кейде сондай нарсемен айналысатын айелдердин омирбаяанын айтып , жокшылыктын кесиринен , амал жок бала шаганы асырау ушин осылай истеп журмин деген нарселерди корсетудин кереги не. Баска да жолдармен Акша табуга болады гой. СПИД , вич , вирусный гепатит В жане С ауруларын таратаындар . Каншама сол ауруларды емдеу ушин мемлекет Акша боледи. Дарилердин Бари шетелдики жане оте Кымбат. Мемлекетке де адамнын жаны ашу керек кой. Кейде сау айелдер куйеунен жуктырып , Омир бойы каншама стресс алады. Адамдар айтады презерватив бар деп, ол коргамайды. Презерватив латексинин порасы 5мкм, ал вич вирусы диаметри 0,1мкм. Вирус емин еркин адам агзасына тусе алады . ( размер поры латекса 5мкм, размер вируса СПИДа 0,1мкм). Не ушин солар ушин сау адамдар зардап шегуи керек. Балалар бар сол вирусты иште жатып жуктыратын. Олардын кинаси не? Бул нарсени жою керек шыгар. Одан баска жол жок. Бизди куртады бул Нарсе. Атын айтудын ози кандай жиркеништи.
    5 жыл бұрын
  • кандай медициналык бакылау жасамакшы ? Мумкин емес кой!
    5 жыл бұрын