Ислам ғалымдарының ілім үйрену жайында айтқандары
Ислам ғалымдарының ілім үйрену жайында айтқандары
14 күн бұрын 1586
 «Ілім үйрену – барлық мұсылман ер мен мұсылман әйелге парыз!» Хадис Шәриф.
«Ғылым – мұсылманның жоғалтқан заты. Оны мүшріктердің қолынан болса да алыңдар».Әзіреті Әли
«Жаттанды ілім – ілім емес, пайдасы тиген ілім – ілім». Имам Шәфиғи (р.а.)
«Іблістің адамдарға кіретін үлкен қақпасы – сауатсыздық». Ибн Жәузи (р.а.)
«Сауатсызға білім үйрену – амал етуден абзал. Білімдіге амал ету – білім үйренуден абзал». Имам Зүһри (р.а.)
«Ілім – құлып. Көркем сұрақ – оның кілті».
«Ғалым бол немесе ғылым үйренуші бол, не болмаса, ғылым естуші бол, бірақ әсте төртіншісі болма, құрисың!» Сахаба Әбу Дәрда (радияллаһу анһ).
«Ілім алыңдар. Өйткені ілімді үйрену – сауап. Іздену – ғибадат. Қайталау – зікір. Зерттеу – жиһад. Білмейтіндерге үйрету – садақа. Оны лайықты адамға түгелдей аудару – құрбандық!» Сахаба Муғаз ибн Жәбәл (радияллаһу анһ)
«Ілім оқу кезінде ойланып миды шаршату – ораза ұстаумен тең. Ілімді қайталау – түнде тұрып намаз оқумен тең... Бақыттылар ілім алуға шабыттандырады. Бақытсыздар ілімнен тыяды». Сахаба Муғаз ибн Жәбәл (радияллаһу анһ).
«Жақсы бір кітапты үш рет оқуың – сен үшін үш жаңа кітап оқуыңнан пайдалырек». Аббас Махмұд әл-Аққад.
«Ілім екі адамға қонбайды: Бірі – ұялшақ адам. Екіншісі – тәкәппар адам». Тәбиғин Мүжәһид (р.а.)
«Кім білгенін іс жүзіне асырса, Алла Тағала оған білмегенін үйретіп қояды».
«Ыдыстың бәрі ішіне салған сайын тарыла түседі. Бірақ ілім ыдысы, керісінше ілім алған сайын кеңейе түседі». Әзіреті Әли (р.а.)
«Бір сағат ілім оқу - түні бойы намаз оқығаннан хайырлы». Сахаба Ибн Аббас, сахаба Әбу Дәрда р.а.
«Уа, Аллам! Сенен пайдалы ілім, мол несібе және қабыл етілетін іс-амал сұраймын!» Хадис.Пайғамбар дұғасы.
0 пікір