Төлем карталары жайында шариғат не дейді?
Төлем карталары жайында шариғат не дейді?
3 жыл бұрын 4476 oren.mobi

Төлем карталары қызмет көрсету тұрғысынан дебеттік, кредиттік деп бөлінеді[1].

1) Дебеттік карта карт-шотындағы бұрын өзі еңгізген соманы ғана пайдалану мүмкіндігі бар. Карта иесі төлемдерді жүзеге асырғысы келсе, немесе өзіне қажетті соманы алғысы келсе, карт-шотындағы соманы ғана пайдалана алады. Бұл жағдайда артық шығын жұмсап, банкке қарыздар болу қаупі жоқ.

Картаның бұл түрінде несиеге ақша беру жүйесі қарастырылмаған. Тек өзінің еңгізген сомасын ғана пайдалану мүмкіндігі беріледі. Сол себепті, шариғат тұрғысынан қарағанда картаның бұл түрін қолдануға рұқсат.

Дебеттік картаны қолдану операциясы үшін банк тарапынан алынатын комиссия - өсім емес, көрсетілген қызмет ақысы болып табылады.  

2) Кредиттік/Несиелік карта. Картаның бұл түрінде несиеге ақша беру жүйесі қарастырылады. Кредиттік карта банк берген қарыз сомасы мөлшерінде төлемдерді жүзеге асыруға немесе ақша алуға мүмкіндік береді. Бірақ, алынған несие мерзімді уақыт ішінде (50-55 күн)[2] қайтарылуы тиіс. Бұл уақыттан кешіктірсе, алған несиені үстеме пайызбен өтеу керек болады[3].

Кредиттік карта, «өсімге қарыз ақша беру» жүйесіне негізделгендіктен төлем картасының бұл түрін пайдалану шариғатқа теріс. Белгілі уақыт ішінде алған соманы «пайызсыз қайтару» мүмкіндігінің болуы үкімді өзгертпейді[4].

[1] Үшінші түрі дебет-кредиттік картаның көмегімен өз қаражатын және сол сияқты банктің заемын пайдалануға болады.
[2] http://halykbank.kz/kz/; http://www.kaspibank.kz;
[3] http://creditsecrets.ru
[4] У.Зухайли: Қазая әл-Фиқһ - بطاقات السحب- 293 бет. Дамаск, 2006 ж.

Абдусамат Қасым