Қоймаға кейде алкоголді ішімдіктер түсіп жатады. Сондай жерде жұмыс істеуге бола ма?
Қоймаға кейде алкоголді ішімдіктер түсіп жатады. Сондай жерде жұмыс істеуге бола ма?
7 жыл бұрын 3981

Әссәләмуғалейкум! Сізге сұрақ бар. Мен складта жұмыс жасаймын. Біз тауардың бәріне стикер яғни, құрамы жазылған этикетка жабыстырамыз. Бізге көп көлемде алкаголь өнімдері келді. Соларға этикетка жабыстыру харам ба? Сол үшін жұмысымды тастауым керек пе? Ғазиз.

Уағалейкумәссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Ішінара болмаса, жалпы басым бөлігі халал тауардан тұратын қоймада жұмыс істеудің күнәсі болмас (Аллаһу аълям). Әрине, табылып жатса, харам зат мүлдем жоқ жерде істегенге не жетсін. Оның үстіне заттаңба (этикетка) жабыстыру – күнә әрекет емес. Өйткені харам болсын, халал болсын әлдебір тауарға құрамы көрсетілген заттаңба басылуы тиіс. Сол жабыстырылған заттаңба арқылы біз азықты танып жатамыз. Ең дұрысы - Аллаға мәлім!       

Абдусамат Қасым