Кеденнен өтетін арақ-шарапқа декларация толтыруым күнә емес пе?
Кеденнен өтетін арақ-шарапқа декларация толтыруым күнә емес пе?
7 жыл бұрын 3761

Әссәләмуғалейкум! Мен кеденде жұмыс істейтін едім. Бізден кейде фуралармен арақ-шараптар алып өтеді. Біз оларға деклорация толтырамыз. Оларға деклорация толтырып беруім күнә болмай ма? Декларация жүктің салмағын, ақшасын, қанша жәшік екенін, сатушы кім, алушы кім – барлығын толтырамыз. Қанат

Уағалейкумәссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Кеден –  шетелге апара жатқан немесе шетелден алып келе жатқан заттарды, тауарларды тексеретін, бақылап өткізетін орын. Кеденнен өтетін заттардың дені шариғатта рұқсат етілген тауарлар болып табылады. Дегенмен, ара-арасында арақ-шарап секілді шариғат тыйым салған дүниелердің де болуы ғажап емес. Өйткені, өкінішке орай, біз – алкогольді ішімдіктердің еркін әрі кең көлемде сатылатын елде тұрып жатырмыз. Оларды да ережеге сай тіркеп, декларация толтыруға мәжбүр. Ал, енді, ол жерде арақ-шарапты тіркеуді харам десек, кеденде қызмет атқарып отырған намазхан мұсылман қызметкерлерді тығырыққа соққан боламыз.  

Оның үстіне, шариғатта «үмүмуль бәлуә» дейтін түсінік бар. Осы ережеге сай айтқанда, қоғамда кең етек алғаны себепті кейбір харам дүниеден бойды аулақ ұстау қиынға соғып жатса, ол мәселеде мұсылман үшін кешірім болады. Ең дұрысы – Аллаға мәлім! 

Абдусамат Қасым