Ислам дінінде облигация сатып алудың үкімі қалай?
Ислам дінінде облигация сатып алудың үкімі қалай?
5 жыл бұрын 4798

Ассаламуғалейкум! Менің сұрағым: облигация сатып алуға бола ма? Облигацияға дініміз қалай қарайды? Қанат.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ! 

Облигация дегеніміз, белгілі бір соманы қарызға алып жатқан эминент (мемлекет немесе компания) пен инвестордың келісімшартқа отыру барысында қолданылатын бағалы қағаз. Келісімшарт бойынша мезгіл сайын эминент облигация иемденушісіне пайыз түрінде пайда әкеліп отыруға, сонымен қатар облигация құнын атаулы мерзімге дейін өтеуге міндетті[1].

Демек, облигация – әлдебір мекемеге берілген қарызын күәландыратын қағаз. Яғни, облигация - иесінің несиегер екендігін көрсетер күәлік. Қарызгер облигация иесіне белгілі мерзім сайын пайыз беріп отырады. Осы тұрғыдан қарағанда, облигацияда өсім жеушілік бар.

Мысалы, акция – өзінің иесін әлдебір кәсіпорынмен еншілес екендігін көрсетсе, облигация несиегер екенін көрсетеді. Сондай-ақ, акция иесі – өз үлесін кәсіпорын пайда түсіргенде барып алса, облигация тұрақты өсімін алып отырады, компания мейлі табыс тапсын, мейлі таппасын[2].

Шариғаттағы үкімі

Облигация – өсімге қарыз беруге негізделгендіктен, оны сату және сатып алу шариғи тұрғыда харам болмақ[3]. 


[1] https://kk.wikipedia.org/wiki/Облигация
[2] У. Зухайли: әл-Муъамәләтуль Мәлиятуль Муъасыйра. 364 бет.
[3] Мемлекет аралық Ислам фиқһ кеңесі. Қарар: №60 (6\11). 1990 ж. Жидда қаласы.

Абдусамат Қасым